БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

«9, 11-сыныптарда пәндер бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне облыстық оқыту семинары өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 13 мамырында аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне 9,11-сыныптардағы қорытынды аттестаттаудың талаптарын меңгерту мақсатында «9, 11-сыныптарда пәндер бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті.
Іс-шара барысында «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін білім алушылардың меңгеру деңгейі негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына тоқталып, емтихан жұмысының сипаттамасын, балдар мен бағаларды қою үдерісін, емтихан барысында келетін тапсырмалармен жұмыс түрлерін талдады.
Қорытынды аттестаттау қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтитын критериалды бағалау жүйесінің бөлігі екендігі айтып, емтихан жұмысының сипаттамасы мен бағалау міндеттері бойынша бағалау кестесін түсіндірді. Арнайы тест спецификациясының талаптарына сай балл қою шәкілін таныстырды.
Облыстық оқыту семинарға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 255 педагог қатысты.

«Сабақты жоспарлау, сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті

 2024 жылдың 5 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Cамғау» жобасы аясында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында жас мамандар мен тәлімгерлерге арналған «Сабақты жоспарлау, сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Вебинар барысында педагогтерге «Cамғау» жобасының өзектілігі мен перспективалары, пәнді оқыту ерекшеліктері, басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері пәндерінен сабақты жоспарлау мен дайындау кезеңдері, тапсырмаларды әзірлеу, сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастырудың жолдары мен түрлері бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, материалдар таратылды.

Іс-шараға тарих пәнінің және «1000 мектеп» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдері, барлығы 134 педагог қатысты.

«Химия сабағында түрлі деңгейлі тапсырмаларды құрастыру жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

2024 жылдың 3 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен химия пәнінің мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Химия сабағында түрлі деңгейлі тапсырмаларды құрастыру жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Семинар-практикум барысында педагогтерге химия сабағында түрлі деңгейлі тапсырмаларды құрастыру жолдары туралы іс-тәжірибелер ұсынылып, күрделі тапсырмалардың жаңа үлгілері таныстырылды. Қажетті дидактикалық материалдарға сілтемелер таратылды.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, химия пәнінің мұғалімдері, барлығы 120 педагог қатысты.

«Эффективные стратегии подготовки учащихся к ЕНТ» тақырыбында облыстық семинар өтті

   2024 жылдың 5 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қаласының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің және «1000 мектеп» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдеріне арналған «Эффективные стратегии подготовки учащихся к ЕНТ» тақырыбында облыстық семинар өтті.   

Семинар барысында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне Ұлттық бірыңғай тестілеу алдында жүргізілетін жұмыс түрлері, өткізілу тәсілі мен ұзақтығы, тестілеу бағыттары, тапсырмалар сипаттамасы мен қиындық деңгейлері туралы ақпарат берілді.

Іс-шараға аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 110 педагог қатысты.

Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының өткізілу тәртібі туралы семинар өтті

2024 жылдың 3 сәуірінде Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Орта білім беретін үздік ұйым конкурсының критерийлері» атты облыстық семинар өткізілді.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері мен жауапты әдіскерлері және мектеп басшылары, барлығы 50 адам қатысты.
Семинар барысында «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидалары, конкурстың жалпы ережелері, өткізілу тәртібі, конкурсқа қатысу талаптары, орта білім беру ұйымдарына рейтингтік көрсеткіштерінің өлшемшарттары, оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу, сапалы білім беруді қамтамасыз ету, білім беру процесін кадрлармен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, білім беру ұйымын жарақтандыру және жабдықтау, білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау, оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбегін қорғауға жағдай жасау, педагогтар мен басшылардың кәсіптік және жеке өзін-өзі көтеруі үшін жағдай жасау, инклюзивтік білім алуға жағдай жасау, соңғы үш жыл ішіндегі оқушылардың оқу рейтингтік жоғары көрсеткіштері, орта білім беретін ұйымның ерекше миссиясы, білім беру сапасын басқару, білім сапасын ішкі және сыртқы бағалаудың нәтижелері, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша қатысушыларға ақпараттық-әдістемелік көмектер берілді.