Home-2 - Оқу-әдістемелік кабинет

Home-2

Талас ауданында әдістемелік десант өтті

Мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге дайындығы мен оқыту сапасының деңгейін арттыру бойынша қадамдық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылдың 21 ақпан күні Балалар өнер мектебінің базасында «Білім сапасын арттырудың негізі – нәтижеге бағытталған білім» атты облыстық әдістемелік десант өтті.

Әдістемелік десантқа мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология, тарих, география, психолог), барлығы 298 педагог қатысты.
Секция жұмыстарында қорытынды аттестаттау мен ҰБТ бойынша білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар,  психологиялық тренингтер өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.

«Жалпы орта білім беретін мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында онлайн-семинар

2018 жылдың 15 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Жалпы орта білім беретін мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары»тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға  жоғары оқу орындарының ғалымдары, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары, мектеп педагогтары. Барлығы 321 педагог қатысты.

Семинар барысында нормативті-құқықтық негіздемесі, мектептердегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Оған қоса, іс-шараның ақпараттық-әдістемелік, дидактикалық таратпалы материалдары электронды және қағаз түрінде таратылды.

«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру»
тақырыбында онлайн-семинар өтті

 «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыру барысында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы мен облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың       13 ақпан күні  аудан, Тараз қалалық білім бөлімдерінің мобильді топтары мен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізетін әдіскерлерге арналған облыстық онлайн режимінде семинар өткізілді.

«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыру мақсатында ауыл, қала жастарына кәсіптік-техникалық білімді тегін оқып мамандық алып жұмысқа орналасуларына мүмкіндігі болатынын, 26-28 ақпан аралығында жобаны насихаттау үшін  «Ақпараттық керуен» ұйымдастырылғаны сөз болды. Семинарға облыстық жұмыспен қамту басқармасының маманы, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің өкілдері, аудандық және Тараз қалалық білім бөлімдерінің мобильді топ жетекшілері мен әдіскерлері, қатысты. Семинар барысында баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасын іске асыру тетігі туралы айтылды. Іс-шараның қорытынды бөлімінде семинардың ұсынымдары жарияланды, әдістемелік, анықтамалық құралдар таратылды.

Жуалы ауданында әдістемелік десант өтті

Мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылдың 15 ақпан күні  Г.Орджоникидзе атындағы №1 мектеп-гимназиясының базасында «Білім сапасын арттырудың негізі – нәтижеге бағытталған білім» атты облыстық әдістемелік десант өтті.

Әдістемелік десантқа мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология, тарих, география, информатика, психологтар), барлығы 242 педагог қатысты.

Секция жұмыстарында қорытынды аттестаттау мен ҰБТ бойынша білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар,  психологиялық тренингтер өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.

Байзақ ауданында әдістемелік десант өтті

Мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге дайындығы мен оқыту сапасының деңгейін арттыру бойынша қадамдық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылдың 13 ақпанында Сарыкемер мектеп-гимназиясының базасында «Білім сапасын арттырудың негізі – нәтижеге бағытталған білім» атты әдістемелік десант өтті.

Әдістемелік десантқа мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология, тарих, география, информатика, психологтар), барлығы 321 педагог қатысты.

Секция жұмыстарында қорытынды аттестаттау мен ҰБТ бойынша білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар,  психологиялық тренингтер өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.

Консоль отладки Joomla!

Сессия

Результаты профилирования

Использование памяти

Запросы к базе данных