«Интегрированное изучение трех языков в средней школе: состояние и перспективы» тақырыбында филологиялық пәндердің мұғалімдеріне арналған облыстық онлайн режимінде тамыз кеңесінің секция отырысы өтті
2019 жылдың 13 тамызында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен филологиялық пәндердің мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатында «Интегрированное изучение трех языков в средней школе: состояние и перспективы» тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.
Іс-шараға барлығы 1112 филологиялық пәндердің мұғалімдері қатысты.
Секция отырысы барысында 2019-2020 оқу жылының әдістемелік нұсқау хаты бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, жаңартылған білім беру мазмұны аясында филологиялық пәндерді оқытудың ерекшеліктері туралы тұжырымдар жасалып, дидактикалық материалдар таратылды.