БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Саморегуляция  учащихся»,  «Организация  диалога на уроке» тақырыптарында облыстық  вебинар  өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, 2019  жылдың                    22 мамыр  күні  педагогтар үшін  «Саморегуляция  учащихся»,  «Организация  диалога на уроке» тақырыптарында  облыстық  вебинар  өткізді.  

      Аталған іс-шараға аудандық  (қалалық)  білім бөлімдерінің   әдіскерлері мен    мұғалімдері,  барлығы   2802   педагог қызметкерлері қатысты.

      Іс-шара бағдарламасына сәйкес  вебинар  қатысушыларына  оқушылардың өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бағалау жолдарын меңгеру кезіндегі мұғалімнің негізгі міндеттері, диалогтік оқыту әдістері мен  проблемалық диалогтың  ерекшеліктері бойынша оқу процесінде қолданылатын  практикалық тапсырмалар  ұсынылды.   

«Туған өлке – тұнған шежіре» атты облыстық онлайн сабағы өткізілді

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 23 мамырында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Өз өлкеңді танып біл» жобасының шеңберінде «Туған өлке – тұнған шежіре» атты облыстық онлайн сабағы өткізілді.

  Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа өз өлкесін таныту, ұлттық құндылықтарды насихаттау, Тараз қаласы мен облыс аудандары арасында өлке мәдениеті мен тарихын таныстыру.

Облыстық онлайн сабағына жалпы орта білім беретін мектептердің 3650 оқушысы қамтылды.  

  Іс-шара барысында «Ауылымның тарихы – тұнған шежіре» тақырыбында  оқушыларға Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ пен Берікқара жерлерінің ерекшеліктері, Күйік атауларының шығу тарихы мен Баркуаб қаласында жүргізіліп отырған археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі туралы ақпарат беріліп, педагогтарға аудан тарихына байланысты қосымша бейнематериалдар, дерекнамалық, дидактикалық материалдар ұсынылып, өзара тәжірибе алмасуына ықпал етті.

«Жеке тұлға бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру негіздері»  тақырыбында  облыстық  онлайн семинар өтті

2019 жылдың 22 мамыр күні  облыстық  оқу-әдістемелік  кабинетінің ұйымдастыруымен www.sabak.kz сайты Zhambil_obl_UMC бөлмесінде директордың тәрбие ісі жөнідегі орынбасарларына   арналған  «Жеке тұлға бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру негіздері»   тақырыбында  облыстық  онлайн  семинар   өткізілді,  барлығы 182 педагог  қатысты.  

Семинарға қатысушылар тәрбие үрдісін жетілдіру бағытында жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру бойынша  әдістемелік көмектер алды, заманауи тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе алмасты  және таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.

Облыстық «Сабақ үдерісін жан-жақты талдау (Lesson Study) арқылы оқушының білімін жетілдірудің жолдары» тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өтті

        Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен сабақты зерттеу арқылы оқудағы кедергілерді анықтау және оларды шешу жолдарын қарастыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2019 жылдың                     23 мамырында «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде «Сабақ үдерісін жан-жақты талдау (Lesson Study) арқылы оқушының білімін жетілдірудің жолдары» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Аталған іс-шараға  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, барлығы 356 педагог қатысты.

Онлайн семинар барысында пән мұғалімдері оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру және дамыту мақсатында сабақты зерттеу тәсілін тиімді пайдалану жолдарын, сабақ беру барысында туындаған мәселелерді шешу мақсатында сабақты бірлесе жоспарлау барысында түрлі әдіс-тәсілдермен бөлісті.

Пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін көтеру үшін әдістемелік көмек берілді.

«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында география пәнін оқытуда әдіс-тәсілдерді  тиімді  пайдалану  жолдары» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.

         Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу- әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 22 мамыр күні география  пәні  мұғалімдеріне  арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында география пәнін оқытуда әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында облыстық  дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға 36 педагог қызметкерлері  қатысты.

        Дөңгелек үстел барысында география пәні мұғалімдеріне оқу үрдісінде тиімді әдіс – тәсілдерді қолдануға  бағытталған  әдістемелік  кеңестер ұсынылып,  таратпалы материалдар берілді, ақпараттық – әдістемелік көмек көрсетілді.