«Заманауи білім берудегі инновациялар мен әдістемелер: тәжірибесі мен перспективалары» тақырыбындағы гуманитарлық бағыттағы пәндердің мұғалімдеріне арналған облыстық педагогикалық оқулар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 29 мамыр күні «Заманауи білім берудегі инновациялар мен әдістемелер: тәжірибесі мен перспективалары» тақырыбындағы гуманитарлық бағыттағы пәндердің мұғалімдеріне арналған облыстық педагогикалық оқулар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – педагогтардың әдістемелік және кәсіби деңгейлерін арттыру.
Педагогикалық оқулар барысында жаңартылған білім беру мазмұны аясында заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды қолдану, білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі, оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың жолдары сөз етілді. Қазіргі кездегі инновациялық технологияларды қолдану, бейінді үлгілі авторлық бағдарламалардың мазмұны, озық педагогикалық тәжірибелер талқыланып, қатысушылар тәжірибе алмасты.
Педагогикалық оқуларда педагогтар 4 секция, 3 бағыт бойынша жұмыстар жүргізді.
Іс-шараға жоғары оқу орындарының ғалымдары, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және тарих пәні мұғалімдері, барлығы 140 педагог қызметкер қатысты.
Қорытынды бөлімінде үздік деп танылған мұғалімдер I, II, III дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.