Оқу-әдістемелік кабинеті туралы - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарының» 4-тармағын орындау мақсатында   2020 жылдың 11 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытудың өзектілігі мен тәжірибесі» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.

Онлайн семинарға 295 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

Іс-шара барысында мектеп бағдарламасына сәйкес қазақ әдебиеті оқулықтарындағы тәуелсіздік жылдарында жарық көрген шығармаларға талдау жасалды. Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиетті оқытудың тиімді жолдарымен бөлісу, озық тәжірибелер таратылды. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытудың тәрбиелік аспектісі жайлы кеңінен тоқталды.

Облыстық онлайн-жиналыс өтті

2020 жылдың 11 желтоқсан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының білім беру және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы» бойынша аудандар мен Тараз қаласының әдістемелік кабинеті меңгерушілерінің қатысуымен онлайн-жиналыс өтті. Онлайн-жиналысқа 12 адам қатысты.

Онлайн-жиналыс барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерова аудандар мен Тараз қаласының әдістемелік кабинет меңгерушілеріне Қазақстан Республикасының білім беру және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы және білім мекемелерінің педагогтерін әдістемелік қолдау жұмыстарын инновациялық бағытта дамыту бойынша бірқатар  жұмыстардың  жүйелі жүргізілуі туралы  ұсыныстар айтты.

Жуалы, Қордай және Мойынқұм аудандарының әдістемелік кабинет меңгерушілері Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасын бекіту аясында әдістемелік кабинеттердің жұмысы туралы және алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламалар аясында жүргізілетін жұмыстарының орындалуы туралы баяндап, қатысушылармен өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

                               

«Оқытудың тиімді әдістерін қолдану»  тақырыбында семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу  жылына  арналған  жаңартылған орта білім мазмұнын енгізу жағдайында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың   9 желтоқсан  күні жалпы орта білім беретін мекемелердің  5-11 сыныптарына сабақ беретін пән мұғалімдеріне «Оқытудың тиімді әдістерін қолдану»  тақырыбында онлайн режимінде семинар өтті.

Zoom  платформасы арқылы өткен вебинарға   300 педагог қатысты.

Іс-шара барысында табысты сабақ критерийлер, оқытудың белсенді әдістері, оқыту әдістерін таңдауға әсер ететін факторлар иерархиясы, оқу қызметін ұйымдастыру нысандары, оқыту барысында қолданылатын АКТ қызметтері мен құралдары  талқыланды. 

«Шығармашылық шеберхана» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың   11 желтоқсан күні «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже»  жобасының аясында республикалық  «Үздік педагог-2015» байқауының жеңімпазы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған               IT лицей-интернатының тарих пәнінің мұғалімі І.Г.Өтегенованың «Шығармашылық шеберхана» тақырыбында ZOOM платформасында облыстық шеберлік сынып өтті.

Шеберлік сынып барысында  педагогтың оқу-әдістемелік қызметі, қолданылатын оқыту технологиялары мен әдістерінің сипаттамасы, қосымша оқу және оқудан тыс қызметтің сипаттамасы, ғылыми-зерттеу қызметі, педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату бойынша электронды партфолиосымен таныстырып өтті. 

Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық  «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар,  жалпы 198 педагог қатысты.

«Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат»   тақырыбында  облыстық ғылыми - тәжірибелік  конференция өтті

2020  жылдың 11 желтоқсан  күні  «16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік  күні» мемлекеттік мерекесіне арналған  «Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат» тақырыбында  облыстық ғылыми - тәжірибелік  конференция  zoom платформасында  өткізілді.

Конференция жұмысына ЖОО-ның ғалымдары, білім беру ұйымдарының басшылары, директордың  орынбасарлары  мен пән мұғалімдері, барлығы  200 - ге жуық педагог қатысты.

         Конференция келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:

 І секция «Ұлттық жаңғыру - туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі»;

          ІІ секция «Тәуелсіздік – қазақ халқының қайсар рухының жемісі».      

Іс-шара барысында М.Х.Дулати атындағы  Тараз  өңірлік  университетінің «Қазақстан тарихы»  кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к.,  доцент Е.Қ.Серікбаевтың  «Тәуелсіздік күні – Ұлы дала елінің ұлықтаған мерекесі», Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің PhD  докторы,  криминалистика докторы, доцент Т.Б.Сәткейдің  «Тәуелсіздік  - тәтті ұғым,  қастерлі сөз», Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ -ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының  директоры Ж.С.Саттардың «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ»,   Меркі ауданы, И.Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп-гимназияның орыс тілі пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог-2020» байқауының  Н.Ү.Қаймалақованың «Тәуелсіздік жылдарындағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңашылдықтар», Тараз қаласы, А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы  гимназияның педагог-психологі,  «Жылдың үздік психологі - 2020» ІX республикалық  байқауының  жеңімпазы  Е.В.Хлeсткинаның  «Деятельность психологической  службы в  организациях образования Республики  Казахстан» және т.б  тақырыптарындағы  баяндамалар  тыңдалды.

Сондай-ақ, пән мұғалімдері мен тәрбие саласына жауапты мамандардың ғылыми ізденіс жұмыстарында еліміздің игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту жолдары, білім беру жүйесіндегі тың өзгерістер мен жаңалықтар және егеменді ел ұрпағын тәрбиелеу мәселелері  жан-жақты сараланып, таныстырылды.