Оқу-әдістемелік кабинеті туралы - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

«Оқу пәндерінің мазмұнында жалпыадамзаттық құндылықтардың интеграциясы» тақырыбында «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдеріне арналған облыстық онлайн режимінде Тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

               2019 жылдың 15 тамызында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен пән мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру мақсатында «Оқу пәндерінің мазмұнында жалпыадамзаттық құндылықтардың интеграциясы» тақырыбында Тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

          Облыстық «Өзін-өзі тану» пәні секция отырысына аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, пән мұғалімдері барлығы 482 педагог қатысты.

«БІЛІМ – ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДАҒЫ ТАБЫСТЫҢ КІЛТІ» тақырыбында қоғамдық пән мұғалімдеріне арналған облыстық онлайн режимінде өткізілген Тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

2019 жылдың 12 тамызында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен        қоғамдық пән мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін қамтамасыз ету мақсатында «Білім – қоғамдық сананы жаңғыртудағы табыстың кілті» тақырыбында облыстық Тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

Облыстық тарих секция отырысына облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, оқу пәндері бойынша жетекшілік ететін мамандар, облыстық білім басқармасына қарасты мамандандырылған білім беру ұйымдарының, жалпы орта білім беретін мектептердің тарих, қоғамтану пәнінің мұғалімдері, барлығы 289 педагог қатысты.

Секция отырысында 2019-2020 оқу жылында оқу үрдісінде педагогтарға номативтік-құқықтық қамтамсыз ету, жаңартылған білім беру мазмұны мен 9,10 сыныптардағы оқу бағдарламалары,                       10 сыныптарға енгізілген «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің жүрзілуі мен оның ерекшеліктері туралы ақпарат пен әдістемелік ұсынымдар берілді. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайында Тараз қаласы №46 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Н.Саурыкова «Қазақстан тарихы пәнінен оқу бағдарламасы негізінде білім алушылардың бойында қалыптасатын дағдыларды меңгерту жолдары» тақырыбында ақпараттық дайджест жасап, іс-тәжірибесімен бөлісті.

«Бағдарлы оқыту – жаңа форматтағы ҰБТ-ға дайындық барысында жаратылыстану-математикалық бағытындағы мектеп бітіруші түлектердің құзыреттілігін қалыптастыру құралы ретінде» тақырыбында облыстық онлайн режимінде тамыз кеңесінің секция отырысы өтті

2019 жылдың 12 тамызында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен        «Бағдарлы оқыту – жаңа форматтағы ҰБТ-ға дайындық барысында жаратылыстану-математикалық бағытындағы мектеп бітіруші түлектердің құзыреттілігін қалыптастыру құралы ретінде» облыстық онлайн режимінде тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

Облыстық тамыз кеңесінің секция отырысында 5-11 сыныпқа сабақ беретін физика пәні мұғалімдері мен пән әдіскерлері, барлығы  236  педагог қатысты.

Секция отырысында педагогтарға жалпы орта білім беретін мектептердегі 9, 10 сыныптарда оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, үш тілді білім беруге көшу, STEM білім берудің маңызы, бағдарлы оқыту барысында жаңа форматты ҰБТ- ға дайындау жолдарымен бөлісіп, шеберлік сыныптары өткізілді, ұсынымдар  беріліп,  дидактикалық материалдар таратылды.

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  «Оқу жетістіктерін критериалды бағалау бастауыш сынып оқушылардың құзыреттілігін арттыру ресурсы ретінде»  тақырыбында секция отырысы өтті

2019 жылдың 15 тамыз  күні  «Оқу жетістіктерін критериалды бағалау бастауыш сынып оқушылардың құзыреттілігін арттыру ресурсы ретінде»   тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық  онлайн  тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

Іс-шара  барысында бастауыш сынып мұғалімдері  критериалды бағалау жолдарын меңгеру кезіндегі мұғалімнің негізгі міндеттері, пәндерді оқытудағы  жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары мен саралау тәсілдері бойынша тәжірибе алмасып, электронды дидактикалық таратпалы  материалдармен қамтамасыз етілді. Аталған іс-шараға  792   педагог  қатысты.

 

«Интегрированное изучение трех языков в средней школе: состояние и перспективы» тақырыбында филологиялық пәндердің мұғалімдеріне арналған облыстық онлайн режимінде тамыз кеңесінің секция отырысы өтті

2019 жылдың 13 тамызында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен филологиялық пәндердің мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін арттыру  мақсатында «Интегрированное изучение трех языков в средней школе: состояние и перспективы» тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

          Іс-шараға барлығы 1112 филологиялық пәндердің мұғалімдері қатысты.

          Секция отырысы барысында 2019-2020 оқу жылының әдістемелік нұсқау хаты бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, жаңартылған білім беру мазмұны аясында филологиялық пәндерді оқытудың ерекшеліктері туралы тұжырымдар жасалып, дидактикалық материалдар таратылды.