Оқу-әдістемелік кабинеті туралы - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі: тәжірибе және нәтиже» тақырыбында онлайн-кеңес өтті

2020 жылдың 28 желтоқсан күні облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі: тәжірибе және нәтиже» тақырыбында онлайн-кеңес өтті.  Онлайн-кеңесте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бекбатырова Жамиля Елеуқызы білім саласында атқарылған іс-шаралар мен жетістіктер және TIMSS-2019 халықаралық зерттеуінің нәтижесі туралы баяндады.

Іс-шара барысында облыс бойынша TIMSS-2019 халықаралық зерттеуіне қатысқан 17 білім мекемесінің (4-сыныптан 396 оқушы,                           8-сыныптан 402 оқушы қатысты, 4-сыныптың 21 жетекшісі мен                         8-сыныптың 110 жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдері арнайы берілген сауалнамаларды толтырған)  зерттеу қорытындысы бойынша нәтижелері талданды. 

 TIMSS-2019 халықаралық негізгі зерттеуінде «математикалық сауаттылық» бойынша Жамбыл облысының 4 сынып оқушылары 556 балл (республика – 512 балл) – І орын, 8 сынып оқушылары 584 балл (республика – 488 балл) – І орын, «жаратылыстану сауаттылығы» бойынша  4 сынып оқушылары 545 балл (республика – 494 балл) – І орын, 8 сынып оқушылары 559 балл (республика – 478 балл) – І орынды иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.

Онлайн-кеңеске аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері, білім беру ұйымдарының басшылары, барлығы 296 педагог қатысты.

«Жасөспірімдер арасындағы тұлғааралық қақтығыстарды  шешу мен алдын алу шараларын қалыптастыру жолдары»     тақырыбында  онлайн  режимінде облыстық  вебинар өтті

2020 жылдың  29 желтоқсан   күні  директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына,  сынып жетекшілерге, педагог психологтар мен  әлеуметтік педагогтарға  арналған  «Жасөспірімдер арасындағы тұлғааралық қақтығыстарды  шешу мен алдын алу шараларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында  облыстық   вебинар  zoom  платформасында өтті.  Аталған іс-шараға барлығы  247 педагог  қатысты.  

Семинарға қатысушылар  құқықтық  тәрбие  бағыты бойынша  әдістемелік көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе алмасты.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында математика  пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сынып өтті

   2020 жылдың  25 желтоқсан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында облыстық үш тілде оқытатын дарынды  балаларға арналған мамандандырылған  мектептің  тәжірибелі            мұғалімі Сауытбай  Рустем Серікұлы  «Геометрия сабағында Quizizz  платформасын тиімді қолдану»  тақырыбында математика пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сынып өтті.

             Іс-шара барысында   Quizizz  платформасы арқылы   геометрия  сабағында  топтық жұмыс жасау, бағалау және тест тапсырмаларын ұйымдастырудың тиімді әдіс- тәсілдерін көрсетті.  

           Аталған іс-шараға облыстың 226 математика  пәнінің мұғалімдері  қатысты.

 

«Современный урок: методы, инструменты, ресурсы» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың  25 желтоқсан күні «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже»  жобасының аясында республикалық  «Үздік педагог-2012» байқауының жеңімпазы облыстық үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі И.А.Шевченконың «Современный урок: методы, инструменты, ресурсы» тақырыбында ZOOM платформасында облыстық шеберлік сынып өтті.

Шеберлік сынып барысында  педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату бойынша электронды партфолиосымен таныстырып, заманауи сабақты өткізудің өзекті мәселелерін қарастырып, тиімді әдіс-тәсілдерімен, Google classroom платформасында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, панорамалық сабақ көрсетті.

Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық  «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар, жалпы   178 педагог қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен жиынтық бағалау тапсырмаларының құрылымы мен шектеу шаралары жағдайында оқыту кезеңіндегі қалыптастырушы бағалауды қолдану критерийлерін меңгерту мақсатында     2020 жылдың 25 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру ерекшеліктері» тақырыбында  онлайн вебинар өтті.

Онлайн семинарға 283 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

Іс-шара барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын  құрастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынды.