«Тарих пәнін оқыту ерекшеліктері», «Тарих пәнінен бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу» тақырыптарында облыстық вебинар өтті
2021 жылдың 2 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Тарих пәнін оқыту ерекшеліктері», «Тарих пәнінен бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу» тақырыптарында Байзақ (Н.Ақшабаев атындағы о/м), Жамбыл (№1 о/м), Жуалы (№19, №29 о/м), Қордай (№27, №43 о/м), Т.Рысқұлов (Ақтоған, Ә.Бөкейханов атындағы о/м), Сарысу (Абылай хан, Б.Адамбаев атындағы о/м), Талас (А.Пушкин атындағы о/м) аудандарының және Тараз қаласының (№3, №25, №47 о/м) 14 мектебіне облыстық вебинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету.
Вебинар барысында педагогтарға тарих пәнін оқытудың ерекшеліктері, әдістемелік бірлестік жұмысы, тәлімгерлік, жас мамандармен жұмыс жүргізу бағыттары, бағалау қағидаттары, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін таңдау және әзірлеуге қойылатын талаптар, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қаласы мектептерінен 57 педагог қатысты.