Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

«Үздік педагог» атағын беру конкурсының ІІ кезеңі өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұймдастыруымен педагогтар мәртебесін көтеру және оны қалың жұртшылық арасында насихаттау мақсатында «Үздік педагог» атағын беру конкурсының ІІ кезеңі ағымдағы жылдың 7, 8 маусым күндері өткізілді. Екі кезеңнен өткен педагогтардың жұмыстары 21 маусымға дейін виртуалды дауыс беру үшін білім басқармасының сайтына орналастырылады.

«Үздік педагог» атағын беру конкурсының І кезеңіне облыс бойынша аудандық(қалалық) білім бөлімдері мен  облыстық білім басқармасына қарасты  білім мекемелерінен 162 педагог, кәсіптік және техникалық колледждерінен 32 оқытушы қатысты. Ал конкурстын ІІ кезеңіне аудандық(қалалық) білім бөлімдері мен  облыстық білім басқармасына қарасты  білім мекемелерінен 18 педагог, кәсіптік және техникалық колледждерінен 5 педагог өтінім беріп,  конкурсқа қатысушылардың құжаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес қабылданды.
Конкурстың іріктеу кезеңінде қатысушылар өз пәндері бойынша тест тапсырмаларын орындады. 

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ – ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТІҢ МЫЗҒЫМАС НЕГІЗІ»

Ағымдағы жылдың  31 мамыр күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Тәуелсіз мемлекеттің мызғымас негізі» тақырыбында облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінде облыстық семинар өтті. 

Аталған іс-шараға  (аудандар  мен  Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп басшылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері) барлығы 53  педагог  қатысты.
Семинарға қатысушылар тәрбиенің патриоттық бағыты бойынша  көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісіп, тәжірибе алмасты. Жиын соңында қатысушыларт аратпалы материалдармен қамтамасыз етілді. 

«ЕҢ ҮЗДІК БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ» АНЫҚТАЛДЫ

Ағымдағы жылы 8 маусымда  облыстық білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің «Мектепке дейінгі мекемелер, мектепалды даярлық» және «Өзін-өзі тану» пәні бөлімінің ұйымдастыруыменТараз қаласы №39 «Балдәурен» балабақшасының базасында балабақша меңгерушілеріне  арналған «Ең үздік балабақша  меңгерушісі» атты байқау өтті.

Іс-шара мектепке дейінгі мекемелерде меңгерушілердің  кәсіби деңгейін арттыру және де жаңашыл технологияларды  тиімді қолдану  мақсатында ұйымдастырылды.
Байқау барысында меңгерушілер сайыс кезеңдері бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Үміткерлер өздерін таныстыра отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда өздері қолданатын инновациялық технологиялардың тиімділігін көрсетті. Байқаудың қорытынды бөлімінде үздік деп танылған жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсы

Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасы орта мектептердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және жоғары рейтингтік көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында  2018  жылдың 31 мамырында  «Орта білім беретін  үздік  ұйым»  конкурсының  ІІ облыстық кезеңін  өткізді.

«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындайтын конкурсының ІІ кезеңіне аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдері мен білім басқармасына қарасты білім мекемелерінен барлығы 8 жалпы білім береу ұйымдары қатысты.  
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушыларды іріктеуді «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының  өткізілу қағидаларының бағалау өлшемдеріне сәйкес жүргізді.