Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

«Үш тілді оқытуды жүзеге асыру мәселелері» тақырыбында онлайн семинар өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндерінің ағылшын тілінде оқытылуына байланысты ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде «Үш тілді оқытуды жүзеге асырудағы мәселелер» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Онлайн семинарда «Физика», «Химия», «Биология» және «Информатика» пәндерін ағылшын тілінде оқытудың жартылай және толықтай режимде жүзеге асырылуы туралы, 7-8 сыныптарда аталған пәндердің ағылшын тілінде оқытылуы туралы мәселелер қаралды.

«Жазғы мектеп» жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті

2018 жылдың 18 қыркүйегінде zhambul_obl_metod бөлмесінде дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының озық тәжірибелі мұғалімдері «Әдебиет сабағында айтылым дағдысын дамыту жолдары», «Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытуды жоспарлаудағы оқу мақсаттары мен әдіс-тәсілдер сабақтастығы», «Оқушының танымдық қабілетін дамыту жолдары», «Оқылым мен жазылым дағдыларын дамытудағы жазба жұмысының рөлі»  тақырыптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарын  өткізді. Аталған іс-шараға облыстың 1647 педагогі қамтылды.

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН

Бүгін облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Конституция – қоғам мен мемлекеттің жаңғыруының неігізі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Жиынға облыстағы ЖОО ғалымдары, аудандар мен Тараз қаласының білім бөлімдерінің мамандары, мектеп директорларының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Интерактивті дәріс өтті

 Облыстық білім басқармасы және Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасымен 2018 жылдың 12 қыркүйегінде жалпы білім беретін орта мектептердің 9-11 сынып оқушыларына «Мемлекеттік дін саласындағы саясатының басым бағыттары мен міндеттері», «Ислам дінінің Қазақстанда таралу тарихы» тақырыптарында интерактивті дәріс өткізді. Облыстық Дін істер басқармасының бөлім басшысы Есмаханов Еркебұлан Нұрғалиұлы онлайн режимінде дәріс оқыды. Дәріске облыс бойынша 9-11 сыныптардың оқушылары  қамтылды.

Облыстық «Үздік ауыл мектебі», «Үздік қала мектебі»,  «Үздік шағын жинақталған мектеп» номинацияларының  жеңімпаздары  туралы  

«Ұлт жоспары – 100 нақты қадамда» белгіленген білім саласындағы           5 қадамды жүзеге асыру мақсатында 76 қадамда берілген «...табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру» туралы тапсырмаға сәйкес 2018 жылы «Білім беру ұйымдары қызметтерінің тиімділігін бағалау» жалпы орта білім беретін  мектептердің білім беру сапасын арттыруға ынталандыру, облыс көлемінде білім беру жүйесінің дамуы жөнінде халықтың біртұтас көзқарасын қалыптастыру мақсатында табысты қызмет атқарып жоғары  рейтингтік көрсеткіш көрсеткен білім беру ұйымдарына 2018 жылдың 24 тамызында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында өткен Жамбыл облысы білім беру қызметкерлерінің  облыстық тамыз конференциясында «Үздік ауыл мектебі» номинациясымен  Жамбыл ауданы, «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі», «Үздік қала мектебі» номинациясымен Талас ауданы, «мектеп-лицейі», «Үздік шағын жинақталған мектеп» номинациясымен Сарысу ауданы, «Жарылқасын Отарбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне 1 000 000 теңгенің сертификаттары табысталды.