Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӘРБИЕ: БІРІЗДІЛІК ЖӘНЕ САБАҚТАСТЫҚ

Үстіміздегі жылдың 13 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында www.sabak.kzсайты Zhambil_obl_UMC бөлмесінде «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие: бірізділік және сабақтастық» тақырыбында онлайн режимінде облыстық  әдістемелік семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға  2481 педагог (аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің тәрбие  жұмысына  жауапты  әдіскерлер,  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілер)  қатысты.  
Семинарға қатысушылар тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша  әдістемелік көмектер  алды, заманауи тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті және тәжірибе алмасты. Жиын соңында қатысушыларға электронды таратпалы материалдар ұсынылды.

«Сабақтағы сапалы  қалыптастырушы бағалау – бөлім мен тоқсандық  жиынтық бағалаудың негізі» тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті  2018 жылдың 13 наурыз күні  «Сабақтағы сапалы  қалыптастырушы бағалау – бөлім мен тоқсандық  жиынтық бағалаудың негізі»  тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері мен аудандық  білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін онлайн режимінде облыстық семинар өтті.

Аталған іс-шараға  930  педагог  қатысты.

Онлайн семинарда мұғалімдер қалыптастырушы бағалаудағы  белсенді әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану туралы  мәлімет алып, электронды дидактикалық таратпалы  материалдармен қамтамасыз етілді.

Халықаралық TALIS-2018 зерттеуі өткізілуде

2018 жылдың 26 ақпан мен 31 наурыз аралығында Қазақстанда алғашқы рет Халықаралық сабақ беру мен оқыту зерттеуі (TALIS) өтеді. Зерттеуді  Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы үйлестіреді. Зерттеуге Қазақстанның 331 мектебі халықаралық іріктеуден өтті. Зерттеуге әр мектептен бір директор және іріктелген 20 педагог қатысады. Мектептердің репрезентативті іріктелуі Халықаралық зерттеу консорциумымен анықталды. 331 мектептің директорлары мен оның мұғалімдерінің сауалнамаға берген жауаптары барлық мемлекеттік педагогтардың дауысын білдіретін болады.

Педагог-психологтарға арналған облыстық тренинг өтті

2018 жылдың 13 наурыз  күні  жалпы білім беретін орта мектептердің педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «ҰБТ-ге дайындық кезінде өзін-өзі реттеу және психологиялық қолдаудың элементтері» тақырыбында облыстық тренинг өткізілді.

Тренинг жұмысына аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының психологтары, барлығы 50 педагог  қатысты. 

Меркі ауданында әдістемелік десант өтті

Ағымдағы жылдың 6 наурыз күні В.Савва атындағы №9 орта мектебінің базасында «Білім сапасын арттырудың негізі – нәтижеге бағытталған білім» атты облыстық әдістемелік десант өтті. 

Шара мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді.
Әдістемелік десантқа мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері барлығы 267 педагог қатысты.
Секция жұмыстарында қорытынды аттестаттау мен ҰБТ бойынша білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар,  психологиялық тренингтер өткізіліп, Қатысушыларға электронды таратпалы материалдар ұсынылды.