Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

«Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау, сөйлеу қабіліетін үйлесімді дамыту арқылы шығармашылық ізденістерін қалыптастыру» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған облыстық семинар-практикум өтт

2018 жылы 26 қазан күні Т.Рысқұлов ауданы, «Алтын сақа» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған «Мектеп жасына дейінгі балалрдың ойлау, сөйлеу қабілетін үйлесімді дамыту арқылы шығармашылық ізденістерін қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Семинарға 22 педагог қатысып, тәжірибе алмасты. Іс-шара барысында ұйымдастырылған оқу қызметі, тренингтер жүргізілді.

«Жазғы мектеп» жобасы аясында тарих  пәні мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті

2018 жылдың 25 қазанында zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация», облыстық ер дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім - инновация» мектеп-интернаттарының озық тәжірибелі мұғалімдері «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша іс-тәжірибе», Тарих сабағында оқушылардың танымдық іс-әрекетін, құзыреттілігін қалыптастыруда АКТ-ны пайдалану» тақырыптарында тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарын  өткізді. Аталған іс-шараға облыстың                384 педагогі қамтылды.

Мектеп басшыларына арналған дөңгелек үстел өтті

2018 жылдың 25 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің мәжіліс залында мектептегі білім беру сапасын арттыруда мектеп әкімшіліктерін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында «Білім сапасын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, барлығы 50 білім қызметкерлері қамтылды.

«Жазғы мектеп» жобасы аясында  ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне ашық есік күні өтті

2018 жылдың 24 қазанында дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының  базасында ашық есік күні өтті. Аталған іс-шарада жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері «Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқушылардың креативті қабілеттерін дамыту»  тақырыптарында шеберлік сыныптарын өтті. Аталған іс-шараға облыстың 43 ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қамтылды.

«Сыйлыққа кітап» акциясы өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2018 жылдың 23 қазан күні  Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарында «Сыйлыққа кітап» атты ерікті түрде кітапханаларға кітап сыйлау акциясы өткізілді.

         Акцияға барлық білім мекемелерінен 100 педагог, 60 оқушы қатысты.