«География сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда PISA тапсырмаларының ерекшелігі» тақырыбында қашықтан вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 24 ақпан күні «География сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда PISA тапсырмаларының ерекшелігі» тақырыбында география пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған вебинар өтті. Вебинарға 211 педагог қатысты.
Вебинар барысында қашықтан оқытуда білім алушыларға PISA зерттеулерінің әдісі мен тест тапсырмаларын құрудағы қиындықтардың шешу жолдарын, логикалық ойлауын және стандарт талаптарына сай берілген тапсырмаларды орындаумен қатар оқушының өмірде қолдана алатындай тапсырмалар құрастыру жолдары көрсетіліп, ақпараттық әдістемелік көмек көрсетілді.