Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 10 наурыз күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Мектептегі психологиялық қызметтің маңыздылығы және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік педагог - психологтарының озық іс-тәжірибесі таратылды. Аталған іс-шараға 156 педагог қатысты.
Мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, озық идеялы тәжірибені тарату, әдістемелік көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу, тың идеялар мен озық тәжірибелерге, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.
Іс-шара барысында ІХ Республикалық «Жылдың үздік психологі 2020» байқауының І орын жеңімпазы, Тараз қаласы, А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның педагог-психологі Хлесткина Елена Владимировна іс-тәжірибесімен бөлісті.