Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

«9 сыныптарда география пәні бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері» тақырыбында қашықтан вебинар өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 23 ақпан  күні «9 сыныптарда география пәні бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері»  тақырыбында география пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған  вебинар  өтті. Вебинарға               223  педагог  қатысты.

          Вебинар барысында қашықтан  оқытуда білім алушыларды қорытынды аттестациялауға дайындауда мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатында кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктеріне  бағытталған  әдістемелік кеңестер ұсынылды.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында физика пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сынып өтті

            2021 жылдың  22 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM бейнебайланыс режимінде облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған  «Дарын» мектеп-интернатының мұғалімі Досыбаев Жандос Ильясович «Физикадан күрделілігі жоғары есептерді шығару жолдары» тақырыбында физика пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сынып өтті.

            Іс-шара барысында физика пәнінен олимпиада және ҰБТ тапсырмаларында кездесетін  күрделілігі жоғары  есептерді шығарудың тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін көрсетіп,  іс- тәжірибесімен бөлісті.

   Аталған іс-шараға облыстың 132 физика пәні мұғалімдері қатысты.

«Оқыту мен оқудағы креактивтілік»  тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті

19 ақпанда «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже»  жобасының аясында «Үздік педагог-2019» байқауының жеңімпазы, облыстық ерекше дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі М.Д.Талқанбаевтың «Оқыту мен оқудағы креактивтілік»  тақырыбында облыстық шеберлік сынып  өткізілді.

Іс-шара барысында М.Д.Талқанбаев «Менің жүрегімнің мектебі» бейнетаспасымен, электрондық портфолиосының мазмұны мен шығармашылық тақырыбы аясында жинақталған іс-тәжірибесімен бөлісті. Шеберлік сынып барысында оқыту практикасы үшін математикалық сауаттылықтың моделіне, халықаралық PISA зерттеуінің тапсырмаларында кездесетін математикалық сауаттылық аспектілеріне, сабаққа арналған тапсырмаларды іріктеуге және оқыту мен оқудағы креативтілікті дамытуға ықпал ететін жағдайлар мен креативтіліктің деңгейлеріне, ойлау техникаларына тоқталып, іс-тәжірибеде пайдалану жолдары қарастырылды.

Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық  «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар,  жалпы                           212 педагог қатысты.

«Қашықтан оқыту жағдайындағы оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері» тақырыбында онлайн режимінде тәжірибелік семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 19 ақпан күні Жетекші мектептердің педагогтеріне арналған «Қашықтан оқыту жағдайындағы оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері» тақырыбында онлайн режимінде тәжірибелік семинар өтті.  

Облыстық іс-шараға облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері, педагогикалық шеберлік орталығының қызметкерлері, облыстың Жетекші мектептердің үйлестірушілері мен педагогтері,  барлығы  205  білім қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында тәжірибелік семинардың қатысушылары қашықтықтан оқытуда белсенді әдістерді бейімдеу жолдары, онлайн сабақта оқушы белсенділігін қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасты.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында  биология  пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде семинар өтті

          2021 жылдың  19 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  ZOOM бейнебайланыс режимінде  облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған  «Дарын» мектеп-интернатының тәжірибелі мұғалімі Саркулова Салтанат Калабековна                  «Разработка заданий для суммативного оценивания  в 7 классах по биологии» тақырыбында биология пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде семинар өтті.

Іс-шара барысында биология пәнінен үшінші тоқсанның бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру жолдары, бағалау критерийлері, балл қою сызбасы, рубрика әзірлеу бойынша ұсынымдар берілді. Аталған іс-шараға облыстың 121 биология  пәнінің мұғалімдері қатысты.