Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

«Пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL)»  тақырыбында облыстық семинар өтті

 Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі және Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу жылына арналған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 2021 жылдың 15 сәуір күні  жалпы орта білім беретін мекемелердің жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндердің педагогтеріне арналған «Пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL)»  тақырыбында  облыстық семинар  өткізді.  

         Zoom  бейнебайланыс режимі арқылы өткен семинарға 204   педагог қатысты.

Іс-шара бағдарламасына сәйкес жаратылыстану-математикалық бағытындағы пән  мұғалімдері тілдік интеграциялық оқыту, CLIL  технологиясын іске асыру барысында  жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасты.  

          Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 14 сәуір күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында  «Мектептегі психологиялық қызметтің маңыздылығы және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік педагог-психологтарының озық іс-тәжірибесі таратылды. Аталған іс-шараға 126  педагог қатысты.                                                      

        Мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру бағыттары бойынша  жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, озық  идеялы тәжірибені тарату, әдістемелік  көмек көрсету, өзара  тәжірибе  алмасу, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.

          Іс-шара барысында ІХ Республикалық «Жылдың үздік психологі 2020» байқауының жеңімпазы, Тараз қаласы, №24 мектеп-гимназиясының педагог-психологі А.Жандарова және VІ Республикалық «Жылдың үздік психологі 2017» байқауының  жеңімпазы, Меркі ауданы, №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының педагог-психологі Р.Молдобекова іс-тәжірибелерімен  бөлісті.              

Жамбыл  облысы  әкімдігі  білім басқармасының оқу-әдістемелік  кабинеті  2021 жылдың  13 сәуір  күні  білім  беру  ұйымдарының  директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету, инновациялық қызметтерін дамыту, шығармашылық шеберліктерін арттыру мақсатында мектеп  директорларының  тәрбие  ісі жөніндегі  орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Қашықтықтан оқыту жағдайында  тәрбие  жұмысын  тиімді ұйымдастыру және оны жетілдірудің  инновациялық  жолдары /НЗМ тәжірибесі/» тақырыбында  онлайн  режимінде  облыстық вебинар өтті. Аталған іс-шараға барлығы  148 педагог  қатысты.  

Іс-шара барысында Меркі ауданы, №1, №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиялардың, №9 В.Савва атындағы мектеп-лицейінің, №44 жалпы білім беретін мектептің озық іс-тәжірибелері  таратылды және вебинарға қатысушылар тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша  әдістемелік көмектер  алды, тиімді инновациялық әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе  алмасты.  

 

         Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  2021 жылдың 14 сәуірінде бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.

          Іс-шара барысында бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеудің алгоритмі, тапсырмаларға қойылатын талаптар, бағалау қағидаттарына және тапсырма түрлеріне (жабық, ашық) мысалдар арқылы кеңінен тоқталды.

    Облыстық онлайн семинарға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 232 педагог қатысты. 

«Білім беру мекемелеріндегі дебат қозғалысы: бүгіні мен болашағы» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2021 жылдың  13 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, жалпы орта білім беру мекемелеріндегі дебат клубтарының жетекшілеріне арналған «Білім беру мекемелеріндегі дебат қозғалысы: бүгіні мен болашағы» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – педагогтарға білім беру мекемелерінде дебат клубтарын жүргізу ерекшеліктері, дебат ойынының форматтары бойынша әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу.

Вебинар барысында педагогтарға дебат клубтарын ұйымдастыру, жаттықтырушылар мен үйлестірушілердің жұмыс бағыттары, дебат ойынының  форматтары, ерекшеліктері, пікірсайыс турнирлерін ұйымдастыру, мектептер, мен аудандарда  дебат клубтарын үйлестіру жұмыстарының бағыттары туралы әдістемелік ұсынымдар беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер,               96 дебат клуб жетекшісі, барлығы 107 педагог қатысты.