«Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау көрсетудің тиімді жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 16 сәуір күні жалпы орта білім беретін ұйымдардың Ерекше білім алуға қажеттілігі бар оқушыларға сабақ беретін мұғалімдерге арналған «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау көрсетудің тиімді жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өткізілді.
Іс-шара барысында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының "Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру" кабинетінің профессоры Оспанбаева Махаббат Пернебайқызы ЕББҚБ педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу, Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Кыдыкенова Динара Жардембековна "Сәтті қадам" инклюзивті кеңістікті ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасты. «Zооm» бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға 200 педагог қатысты.