ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

«Қосымша білім беру ұйымдарындағы әдістемелік қызмет жұмысы»  тақырыбында  облыстық  тәжірибелік семинар өтті

2019 жылдың 5 сәуір күні  облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Байзақ ауданы Кенен Әзірбаев атындағы балалар саз мектебінің базасында қосымша білім беру ұйымдарының педагогтарына  арналған  «Қосымша  білім беру ұйымдарындағы әдістемелік қызмет жұмысы»  тақырыбында  облыстық  тәжірибелік  семинар     өткізілді,  барлығы 43  педагог  қатысты.  

Семинарға қатысушылар әдістемелік қызмет жұмысын және тәрбие үрдісін жетілдіру бағытында жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру бойынша  әдістемелік көмектер алды, заманауи тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе алмасты  және таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.

«Білім беру саласында жеке тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру» тақырыбында семинар-практикум өтті

          Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылы 4 сәуірде Сарысу ауданы, М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының базасында «Білім беру саласында жеке тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Семинар-практикум барысында педагогтар ашық сабақтар мен шеберлік сыныптар көрсетіп, іс-тәжірибелерімен алмасты.

          Аталған іс-шараға барлығы 46 педагог қатысты.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері кітапханаларының пән мұғалімдері және ата-аналармен ынтымақтастықтағы жұмыс дәптері» тақырыбында    семинар өтті

          Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес  2019 жылдың 1сәуір күні білім    беру  ұйымдарының   кітапхана    қызметкерлеріне   арналған   «Назарбаев Зияткерлік мектептері кітапханаларының пән мұғалімдері және ата-аналармен ынтымақтастықтағы жұмыс дәптері» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Іс-шара барысында  кітапхана қызметкерлері  мектеп қауымдастығымен жұмыс жасау түрлерімен танысып, мектеп өміріне ата-аналарды әр-түрлі іс-шаралар арқылы тарту  бойынша тәжірибе алмасты.

Аталған іс-шараға 30 кітапхана  қызметкерлері  қатысты.

Қордай, Мойынқұм және Шу аудандарына онлайн режимінде әдістемелік көмектер көрсетілді

Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен тәрбие мен оқыту сапасының деңгейін арттыру мақсатында 2019 жылдың 2 сәуір күні Қордай, Мойынқұм және Шу аудандарына «Білім берудегі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың негізі» тақырыбында онлайн режимінде облыстық әдістемелік көмек көрсетілді.

Онлайн режиміндегі әдістемелік көмектер мектеп директорларының тәрбие, құқық ісі жөніндегі орынбасарларына, пән мұғалімдеріне (қазақ тілі мен әдебиеті, математика, физика, информатика, химия, биология, тарих), барлығы 862 педагогқа көрсетілді.

Секция жұмыстарында білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар, психологиялық тренингтер өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.

«Мұғалімнің зерттеушілік қызметі» тақырыбында облыстық конференция өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті  Педагогикалық шеберлік орталығы  және Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік  мектебімен  бірлесе отырып,   2019  жылдың  30 наурыз күні «Мұғалімнің зерттеушілік қызметі» тақырыбында облыстық конференциясын  өткізді.  

         Тараз қаласындағы ФМБ Назарбаев зияткерлік мектебінің  базасында өткізілген  іс-шараға  127   педагог қатысты.

Іс-шара бағдарламасына сәйкес 7 бағыт бойынша 2 сессия (баяндамалар және постерлік) ұйымдастырылды. Конференция қатысушылары  болашақ технологиялар мен білім беру ресурстары, мұғалімдерді оқыту, кәсіби дамыту және олардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, куррикулум және пәндер, көптілді білім беру, мектептегі бағалау, сабақ беру және оқыту әдістері, жобаларды дамыту және зерттеу нәтижелері, теория, тәжірибе және білім зерттеулерінің этикасы бойынша тәжірибе алмасты.