«Пәнді оқытуда окыту мен оқуды ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 3 ақпан күні аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Пәнді оқытуда окыту мен оқуды ұйымдастыру жолдары» тақырыбында Байзақ (Н.Ақшабаев атындағы орта мектебі), Жамбыл (№1 орта мектебі), Жуалы (№19, №29 орта мектептер), Қордай (№27, №43 орта мектептер), Т.Рысқұлов (Ақтоған, Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептер), Сарысу (Абылай хан, Б.Адамбаев атындағы орта мектептер), Талас (А.Пушкин атындағы орта мектебі) аудандарының және Тараз қаласының (№3, №25, №47 орта мектептер) 14 мектебіне облыстық вебинар өтті. «Zооm» бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 162 педагог қатысты.
Вебинар қатысушылары 2020-2021 оқу жылының үшінші және төртінші тоқсандардағы БЖБ және ТЖБ саны бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері, «Кері дизайн» әдісін тәжірибеде тиімді қолдану жолдары, сабақты жоспарлау барысында бастауыш сынып пәндерді оқытудың ерекшеліктері бойынша тәжірибе алмасты.