ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

«Педагог мәртебесі туралы Заңы:  мазмұны мен тәжірибе»  тақырыбында вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік ағымдағы жылдың  11 ақпан  күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында  «Ауыл мектебі» жобасына енген Байзақ ауданы Н.Ақшабаев атындағы орта мектебі, Жамбыл ауданы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының  бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Педагог мәртебесі туралы Заңы: мазмұны мен тәжірибесі» тақырыбында онлайн режимінде вебинар  өтті.

Zoom  бейнебайланыс режимі арқылы өткен вебинарға   32 педагог қатысты.

Іс-шара барысында вебинар қатысушылары 2019 жылдың                           27 желтоқсанында қабылданған  «Педагог мәртебесі туралы» Заңның негізінде бекітілген 2020-2021 оқу жылында орта білім беру жүйесінде басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық актілер,   педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидалары,  портфолиоға қойылатын талаптар, электронды портфолио үлгісі бойынша тәжірибе алмасты. 

«Инклюзивті білім беру жағдайында оқу процесін ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық  онлайн-кеңес  өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021  жылдың 10 ақпан  күні  аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері, әлеуметтік педагогтер, психологтар мен үйден оқытылатын оқушыларға сабақ беретін педагогтар үшін «Инклюзивті білім беру жағдайында оқу процесін ұйымдастыру жолдары»  тақырыбында облыстық  онлайн-кеңес  өткізілді.

«Zооm» бейнебайланыс арқылы  өткен іс-шараға  220 педагог қатысты. 

Іс-шара қатысушылары ерекше қажеттіліктері бар оқушылармен жүргізілетін  жұмыс  түрлері, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында графикалық органайзерлерді қолдану, «Уроки-помощники» электронды оқулықтың тиімді тұстары мен  жасаудың тәсілдері,  қалыптастырушы бағалау тапсырмалары мен  БЖБ, ТЖБ өткізу тәртіптері бойынша тәжірибе алмасты.

Түркістан облысының білім беру ұйымдарының басшыларына тәжірибе алмасу вебинары өтті.

                 2021 жылдың 10 ақпан күні Ақтөбе облысының білім қызметкерлері үшін «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбында тәжірибе алмасу вебинары өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшісі, халықаралық зерттеулер бойынша облыстық координатор Ш.Жамалбекова тәжірибелік таныстырылым арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

          Вебинар барысында Талас ауданы мектеп-лицейдің директоры М.Қазанғапов оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында жүргізілген іс-тәжірибесімен бөлісіп, Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері, аудан үйлестірушісі А.Бейбітова аудан көлемінде жүргізілген жұмыстардың жүйесімен твныстырды. 

Аталған вебинарға Түркістан облысының аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушілері, облыстық әдістемелік орталықтың әдіскерлері, жалпы 70 білім қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының әдістемелік орталығының директоры А.З.Турсынбаев, директордың инновациялық жұмысы жөніндегі орынбасары М.Ж.Жансейітқызы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту  бойынша ашық диалогтық алаңда іс-тәжірибе алмасу бағытында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұжымына алғыстарын білдірді.

Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарының математика – жаратылыстану  бағытындағы пән мұғалімдеріне тәжірибе алмасу вебинары өтті.

             2021 жылдың 10 ақпан күні Маңғыстау облысының математика – жаратылыстану  бағытындағы педагогтары «Халықаралық зерттеулер - оқушының функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді бағдарламалары» тақырыбында тәжірибе алмасу вебинары өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшісі, халықаралық зерттеулер бойынша облыстық координатор Ш.Жамалбекова тәжірибелік таныстырылым арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Вебинар барысында Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы №45 гимназияның, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияның, Т.Рысқұлов ауданы №3 орта мектептің пән мұғалімдері математикалық, жаратылыстану және оқу  сауаттылықтары бойынша тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдарын көрсетті.

Аталған вебинарға Ақтөбе облысының  267  математика – жаратылыстану  бағытындағы пән мұғалімдері қатысты.

Іс-шара барысында Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының директоры м.а А.А.Кашкинов, жаратылыстану-математика бөлімінің жетекшісі Ш.О.Қиянова халықаралық зерттеулер бойынша ашық диалогтық алаңда іс-тәжірибе алмасу бағытында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұжымына алғыстарын білдірді.

«Тарих сабақтарын тиімді жоспарлау» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2021 жылдың  9 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Ауыл мектебі» жобасы аясында Байзақ ауданы Н.Ақшабаев атындағы орта мектебі, Жамбыл ауданы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих сабақтарын тиімді жоспарлау» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету.

Вебинар барысында педагогтарға тарих пәні сабақтарын тиімді жоспарлау, үшінші және төртінші тоқсандардағы БЖБ және ТЖБ өткізу, қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау, бағалау қағидаттары, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін құрастыру  бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.

Іс-шараға Байзақ ауданы мен Жамбыл ауданы мектептерінен 16  педагог қатысты.