ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР ӨТТІ
2021 жылдың 9 ақпанында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім сапасын арттырудың негізі – нәтижеге бағытталған білім» (ҰБТ: өзгерістер мен ерекшеліктер) тақырыбында облыстық тәжірибе алмасу вебинары өтті.
Облыстық вебинарға аудандар мен Тараз қаласының білім беру ұйымдары директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы 312 адам қатысты.
Вебинар барысында оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде көрсетілген жалпы орта білім беру мақсаттарының жүйесіне қол жеткізу арқылы оқу-тәрбие процесінің сапасын арттырудың негізгі бағыттары, білім беру процесінің мазмұндық негізін айқындайтын білім берудің құндылықтары мен оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесінің өзара байланыстылығы сондай-ақ, биылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің ең басты ерекшеліктері, міндетті және бейіндік пәндердің тапсырмалар санының өзгеруі және бейіндік пәндерге контекст негізіндегі тест тапсырмаларының қосылуы және басқада ҰБТ өткізудің өзгешеліктері мен ерекшеліктері туралы мазмұнды ақпараттар беріліп, қатысушыларға ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетілді.