TARAZ TALKS ШЕБЕРЛІК ДӘРІСТЕРІ
Білім басқармасының ұйымдастыруымен облыс мектептерінің табысты түлектерінің маңызды идеяларын тарату мақсатында 28 тамыз күні мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының базасында «Қоғамдық сананың жаңғыруы жағдайында білім берудегі инновациялар мен дәстүрлер» тақырыбында TARAZ TALKS шеберлік дәрістері өткізілді.
TARAZ TALKS шеберлік дәрістеріне Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры, ф.ғ.д Саурықов Ерболат Байұзақұлы, Назарбаев университетінің PhD докторы Қанаева Гүлмира, Саутгемптон университетінің PhD докторанты Міндетбай Ерхан Аманкелдіұлы, Бристоль университетінің PhD докторанты Жанат Төтешева, облыстық білім басқармасының мамандары, аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдері мен білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп директорының орынбасарлары, білім қызметкерлері барлығы 250 адам қатысты.
Іс-шараға қатысушылар экожүйені, медицинаны, экономиканы, білімді, мәдениетті, өнерді және т.б. жақсартуға бағытталған адами қызметтің түрлі салаларындағы жаңа технологиялар, әлемдік және отандық ғылымда, технологияларда, экономикада, мәдениетте және т.б. болып жатқан инновациялық үдерістер туралы мәселелерді талқылады.