БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

Облыстық тамыз кеңесі аясында білім беру ұйымдарының ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне арналған секция отырысы өтті

            Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 17 тамыз күні аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне «Жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілі пәнін оқытудың жайы және жаңа оқу жылындағы міндеттер» атты тамыз педагогикалық кеңесінің секция отырысы өтті. 

          Секция отырысында «2021-2022 оқу жылында жалпы орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Эссе жазудың негізгі талаптары талқыланды. Тәжірибелі педагогтер желілік қауымдастықта ағылшын тілі сабағын тиімді ұйымдастыру жолдарын ұсынды. Пәнді оқытуда заманауи технологияларды енгізудің ерекшеліктерін таныстырып, тәжірибе алмасу үшін мұғалімдердің диалогтік алаңы құрылды.

          Аталған іс-шараға барлығы 243 педагог қатысты. 

Облыстық тамыз кеңесі аясында білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған секция отырысы өтті

            Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 17 тамыз күні аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне 2021-2022 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қатысты барлық мәселелер, соның ішінде қашықтықтан оқыту жағдайында білім алушылардың білімінде кеткен олқылықтардың орнын толтыру, ӘНХ бөлімдерін талқылау мақсатында  «Жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың жайы және жаңа оқу жылындағы міндеттер» атты тамыз педагогикалық кеңесінің секция отырысы өтті. 

Секция отырысында «2021-2022 оқу жылында жалпы орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жоғары деңгей дағдыларын дамытуға арналған оқу мақсаттары мен жұмыс түрлері көрсетіліп, тәжірибелі педагогтер қазақ тілі мен әдебиеті сабағын тиімді ұйымдастыру жолдарын ұсынды. Аралас оқытудың «Төңкерілген сынып» моделін оқыту процесіне ендірудің әдістемелік ерекшеліктері мен тиімділігі талқыланды.

          Пән мұғалімдеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді. Аталған іс-шараға барлығы 300 педагог қатысты. 

«Өзін-өзі тану» бағдарламасы – үздіксіз адамгершілік және рухани тәрбиенің негізі» тақырыбында облыстық Тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 17 тамызы күні «Өзін-өзі тану» пәні педагогтарына ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету, кәсіби құзіреттіліктерін арттыру мақсатында «Өзін-өзі тану» бағдарламасы – үздіксіз адамгершілік және рухани тәрбиенің негізі» тақырыбында облыстық Тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

Аталған іс-шараға облыс аудандары, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен пән мұғалімдері, барлығы 234 педагог қатысты.

Облыстық тамыз кеңесі аясында білім беру ұйымдарының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған секция отырысы өтті

2021 жылы 17 тамыз күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған «Особенности преподавания русского языка и литературы в общеобразовательных школах и задачи на новый учебный год» тақырыбында секция отырысы өтті.               

Секция отырысына 293 орыс тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскерлері мен мұғалімдері қатысты.

         Іс-шара барысында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері карантиндік «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатпен танысып, қашықтан оқыту жағдайында белсенді және интерактивті әдістерді пайдалану, жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу бойынша мәселелерді талқылады.

Директордың тәрбие ісі  жөніндегі орынбасарлары  мен сынып жетекшілерге  арналған  облыстық тамыз кеңесінің  секция отырысы өтті

2021 жылдың 16 тамыз  күні  директордың тәрбие  ісі жөніндегі орынбасарлары  мен сынып жетекшілерге  арналған  «2021 -2022 оқу жылы жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың  ерекшеліктері» тақырыбында  облыстық тамыз  кеңесінің  секция отырысы  (zoom  бейнебайланыс)  режимінде өткізілді. Барлығы 293 педагог  секция жұмысына  қатысты.

 Секция отырысында «Назарбаев зияткерлік мектептері: үздік тәжірибе, инновация», “Тәрбие  жұмысы  жүйесін жетілдірудің  жаңаша бағыттары”, “Ұстаздардың оқушылардың ата-аналарымен ұтымды байланыс құра білуі“ тақырыптарында  баяндамалар тыңдалды және 2021-2022 оқу жылындағы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері таныстырылды.