БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен педагогтерге кәсіби қолдау көрсету, оқыту сапасын арттыруда LS тиімділігі, іс-әрекетті зерттеу үдерісінің тиімділігі бойынша іс-тәжірибелермен бөлісу, әдістемелік көмек ұсыну мақсатында 2023 жылдың 19 мамырында Қордай ауданы, Балжан Бөлтірікова атындағы №4 мектеп-лицейінің базасында «Мектеп тәжірибесіндегі LS: зерттеу, талдау, нәтиже» атты облыстық тәжірибелік семинары өтті.
Тәжірибелік семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп директорлары, директордың оқу ісі және ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, барлығы 70 адам қатысты.
Іс-шара барысында мектеп басшылары білім мекемесінің тәжірибесіндегі LS зерттеудің нәтижесі, негізгі пәндердің оқыту сапасын арттыруда LS тиімділігі, іс-әрекетті зерттеу АR үдерісінің тиімді тәжірибелерімен бөлісіп, оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау ерекшеліктері мен ұйымдастыру, сол арқылы білім сапасын арттырудың тиімді жолдары туралы пікір алысып, мектепті басқарудың нәтижеге бағытталған тиімді жолдары көрсетілді. Семинарға қатысушылар мектептің оқу-тәрбие жұмысының құрылымымен танысып, өзара тәжірибе алмасты.

«Сабақ Time» жобасы аясында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математика пәнін тиімді оқыту әдістерін тәжірибеде қолдану жолдары» тақырыбында облыстық ашық сабақтар циклі өтті

2023 жылы 12 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен математика пәнін оқытуда педагогтердің тәжірибелік және пәндік құзыреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында Тараз қаласы, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінің 7-10 сыныптарында ашық сабақтар өткізді.
Іс-шара барысында «Алгебра», «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» пәндерін оқытуда заманауи әдістемелер мен педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі, оқушылардың математикалық сауаттылығын және білім берудің сапасын арттыруда әдіс-тәсілдердің тиімді жолдары талқыланды. Педагогтер 7-сыныпта алгебра пәнінен «Алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіру», 10-сыныпта алгебра және анализ бастамалары пәнінен «Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларына есептер шығару», 10-сыныпта геометрия пәнінен «Прямоугольная система координат и векторы в пространстве» тақырыптарында ашық сабақтар үлгілерін көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Облыстың ашық сабақтарға 35 педагог, 52 оқушы қатысты.

«СабақTime» жобасы аясында «Информатика пәнін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында ашық сабақтар циклы өтті

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 12 мамыр күні информатика пәнін оқытуда педагогтердің практикалық және пәндік құзыреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында педагогтер Тараз қаласы, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназиясының 9-10 сыныптарында ашық сабақтар өткізді.
Іс-шара барысында информатика пәнін оқытуда тиімді әдістер мен білім беру платформаларын пайдаланудың ерекшеліктері талқыланып, Тараз қаласының педагогтері «Кейіпкерлерді анимациялау. Спрайттарды жасау», «Python. Pygame. Анимирование персонажей», «Blockchain технологиясы», «Құрылымдалған сұраныстар» тақырыптарында сабақтар көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Ашық сабақтарға 38 педагог, 51 оқушы қатысты.

«ЖАҢАРУ ЖАРШЫСЫ-2023» ЖЕТЕКШІ МЕКТЕПТЕРДІҢ ІV ӨҢІРАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Жамбыл облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті мен Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалы бірлесіп, 2023 жылдың 12 мамырында жоғары кәсіби педагогикалық қоғамдастығын құру арқылы жетекші мектептер педагогтерінің, оның ішінде жас педагогтардың жұмыс тәжірибесімен алмасу және өзара әрекеттесу алаңын құру мақсатында «Жаңару жаршысы-2023» атты жетекші мектептердің ІV өңіраралық форумын өткізді.
Форумға Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының жетекші мектептерінің педагогтері, облыстық, аудандық оқу-әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз, Талдықорған, Қызылорда, Шымкент қаласындағы филиалының қызметкерлері, барлығы 300 білім қызметкері қатысты.
Өңірдегі жетекші мектептердің өзара тәжірибе алмасуы мақсатында «Жетекші мектептердің кәсіби қоғамдастықтарының табысты тәжірибесі» атты көрме ұйымдастырылды.
Өңіраралық форумның жұмысы «Жетекші мектеп: табыстылық траекториясы» тақырыбындағы пленарлық бөлімінде ашық мінбеде педагогтер жаңашыл идеяларымен бөлісіп, түрлі өңірден келген педагогтердің іс-тәжірибе алмасуына бағытталған территориялық отырыстармен жалғасты.
Сондай-ақ форум аясында «Өзгерістерді басқару: механизмдер, құралдар, ресурстар» тақырыбында жетекші мектеп басшыларымен нетворкинг жұмысы және «Педагогикалық қоғамдастық: мәселелер мен шешімдер» тақырыбында питч-сессия ұйымдастырылды.
«Жаңару жаршысы-2023» жетекші мектептердің ІV өңіраралық форумының жұмысы қатысушылардың «Форум барометрі» кері байланысымен қорытындыланды.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығымен бірлесіп, 2023 жылдың 6 сәуір мен 12 мамыр аралығында әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері Тараз қаласының 7-8 сынып оқушыларына арналған туристік экскурсияларын өткізді.
Экскурсия барысында оқушылар Тараз қаласындағы «Көне Тараз» ашық аспан астындағы тарихи-археологиялық мұражайы – «Тектұрмас» тарихи кешені, «Қарахан» кесенесі - «Қали Жүніс моншасы» - «Қазақ хандығына 550 жыл» монументі – «Айша Бибі» кесенесі - «Бабажы қатын» кесенесі, Қазфосфат ҚДФЗ-на (химия сабағына қатысу), басқа да тарихи маңызы бар орындарға барып, өз жерінің тарихымен танысып, рухани білім алды.
Аталаған экскурсияға ағымдағы жылдың 6 сәуір мен 12 мамыр күндері 500 оқушы қамтылды.