Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 17.08.2023 жылғы №5-04/4977 хатына сәйкес, 2023 жылдың 29 тамыз күні Тараз қаласы, №3 мектеп-лицейінің базасында аудандық білім бөлімінің тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлеріне, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған “Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Аталған іс-шараға Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарынан және Тараз қаласынан барлығы 197 педагог қатысты.
✅Іс-шара барысында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда білім беру ұйымдарындағы 2023-2024 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысының беталысын, құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерін, білім алушылардың бойында құндылықтарды пәндік мазмұн, сынып сағаттары мен сыныптан тыс әлеуметтік тәжірибелер арқылы дарытудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп, өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салып, ертеңгі ұрпақты жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға етіп тәрбиелеудің тиімді жолдарын талқылап, біліктілін арттырды. Білім беру ұйымдарының барлық тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сияқты құндылықтар көрініс табуы қажеттілігін атап, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұла бойына шоғырланған жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында қатысушыларға тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тиімділігін арттырудың жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.