БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК СЕССИЯ ӨТТІ
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 29 тамыз күні «2023-2024 оқу жылындағы жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері» тақырыбында жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік сессия өтті.
Іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімдеріне 2023-2024 оқу жылында білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері мен басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық актілер, 1-4-сыныптардың оқу пәндерінің мазмұны мен апталық оқу жүктемесі, ішкі және сыртқы бағалау ерекшеліктері, үлгерімі төмен білім алушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері, функционалдық сауаттылық пен пәндік, метапәндік және негізгі құзыреттерді қалыптастыру негіздері, кәсіптік бағдар беру жұмысының жетекші қызметі, біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұны, білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды қалыптастыру негізгінде ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылын нығайту жолдары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға 2297 педагог қатысты.