«СабақTime» жобасы аясында «География пәнін оқытудың ерекшеліктері мен қолданылатын әдіс-тәсілдер» атты облыстық ашық сабақтар циклі өтті
Оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 20 қазан күні облыстық тәжірибелі география пәнінің педагогтері Байзақ ауданы, Көктал орта мектебінің базасында ашық сабақтар өткізді.
Іс-шараның теориялық бөлімінде «География пәнін оқытудың ерекшеліктері мен қолданылатын әдіс-тәсілдер» тақырыбында пәнді оқытудағы негізгі мәселелері мен білім сапасын арттырудың тиімді жолдары, жалпы географиялық заңдылықтары туралы білімді дамыту бағытында қолданылатын оқытудың белсенді әдістері, оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын арттырудың жолдары, білім сапасын арттыру бағытында жүргізілетін тиімді әдіс-тәсілдердің бағыттары көрсетілді.
Іс-шара барысында педагогтер ашық сабақтарға қатысып, оқыту үдерісінде оқушылардың білім сапасын арттырудың жолдары бойынша тәжірибе алмасты.
Аталған іс-шараға 47 педагог қатысты.