Дөңгелек үстел өтті
2018 жылдың 9 қарашасында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің базасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында «Елбасы Жолдауы: ұстаз беделі мен мәртебесі» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге білім басқармасының мамандары, ЖОО-ның ғалымдары, мектеп директорлары, жалпы білім беретін мектептердің педагогтары барлығы 60 адам қатысты.