РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЕҢ ҮЗДІК ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ-2018» БАЙҚАУЫНДА 4 ПЕДАГОГ- ПСИХОЛОГ БІРІНШІ ОРЫНДАРДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 11-13 қараша күндері аралығында Алматы қаласында білім беру жүйесінде шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, кәсіби біліктілігін көрсете алатын педагог-психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында «Ең үздік жыл психологы-2018» атты республикалық байқауы өткізілді.
Республикалық байқауға 3 жыл, 3-7 жыл, 7 жылдан жоғары еңбек өтілі бар 4 педагог-психолог қатысты.
Республика деңгейінде педагог-психологтарымыз кәсіби біліктілігін көрсетіп, теориялық білімі мен практикалық шеберлігін ұштастыра отырып, жаңашылдығымен ерекшеленген әріптестеріміз әділқазылардың әділ бағасына ие бола білді. Олар Секербекова Айнұр Әскербекқызы - Шу ауданы, С.Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінің педагог-психологі, Сүлейменова Жаңылкүл Қалмаханбетқызы - Т.Рысқұлов ауданы, Қ.Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебінің педагог-психологі, Қырықбаева Гүлжан Досалықызы - Т.Рысқұлов ауданы, А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің педагог-психологі және Асубаева Гүлзада Асанқызы - Меркі ауданы, №39 Т.Қожакеев атындағы мектеп-гимназиясының педагог-психологтары І орындарды жеңіп алып, І дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.