«TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі» аяқталды
Ағымдағы жылдың 10-11 мамыр күндері Жамбыл облысында 4 және 8 сынып оқушыларының математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша білім сапасын бағалау мақсатында TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі Меркі ауданы, Т.Рысқұлов атындағы №20 орта мектебі мен Т.Қожакеев атындағы №39 мектеп-гимназиясында, Т.Рысқұлов ауданы, Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде өткізіліп, халықаралық зерттеу аяқталды. Зерттеу барысында оқушылардан математика-жаратылыстану бағыты бойынша тест тапсырмалары мен сауалнамалар алынды. 4 сыныптың 97 ата-анасы оқушылардың математика және жаратылыстану пәндерінен даярлықтарын бағалау мақсатында жүргізілген сауалнамаға қатысты. Зерттеуге барлығы 182 оқушы қамтылды.