Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

Облыстық математика пәні мұғалімдерінің «Математикалық регата» олимпиадасы өтті

2019 жылдың 1 наурызы күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен математика пәні мұғалімдерінің облыстық «Математикалық регата» олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты – педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын арттыру. 

Аталған іс-шараға облыстың  27 педагогі қатысты.

Олимпиада 4 кезең бойынша өткізіліп, әр кезеңінде 3 есептен (алгебралық,  геометриялық, логикалық), жалпы 12 есеп берілді. Тапсырмаларда планиметрия, стреометрия, тригонометрия бөлімдері мен комбинаторика, логикалық есептер қамтылды. Олимпиаданың нәтижесінде I орынды Байзақ ауданы С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Ж.Абдураимов, II орынды Тараз қаласы,                   Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі С.Қайырбай, облыстық үштілде оқытатын мамандандырылған мектептің математика пәні мұғалімі Г.А.Ниетбаева, III орынды облыстық ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Н.Д.Давлетбаев, облыстық Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған "Білім - инновация" мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Р.С.Сауытбай, Талас ауданы, Алғабас орта мектебінің математика пәні мұғалімі Н.Ж.Биғазиев,Т.Рысқұлов ауданы, М.Горкий атындағы мектебінің математика пәні мұғалімі Ж.А.Журманов, Сарысу ауданы, Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі К.Омарбаева, Меркі ауданы, №34 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Р.Кузембекова иеленді.

Педагогтарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

Мектепке дейінгі ұйымдарда «Алғысым шексіз сіздерге» атты облыстық  фестиваль өтті

2019  жылдың  1 наурызында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы, «Болашақ» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі мекеме педагогтары арасында «Алғысым шексіз сіздерге» облыстық  фестивалі өтті. Байқауға аудандардан 5 педагогтан құралған 10 команда қатысып, бас жүлдені Шу ауданының «Жерұйық» тобы:

І орындарды–Жамбыл ауданының «Қуатымыз бірлікте» тобы, Байзақ ауданының «Достық» тобы:

ІІ орындарды Меркі ауданы «Таңшолпан» тобы,  Жуалы ауданы «Аягүл» тобы:

ІІІ орындарды Тараз қаласы «Бірлік» тобы, Талас ауданы «Еркетай» тобы, Т.Рысқұлов ауданы «Бәйтерек» тобы иеленді.

«Бастауыш сынып оқушыларын оқыту үдерісінде оқу дербестік дағдыларын дамыту» және «Бастауыш сыныптарда  TIMSS,  PIRLS халықаралық  зерттеулерін жүзеге асырудың өзекті мәселелері»  тақырыптарында  онлайн режимінде семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде  2019  жылдың  27 ақпан  күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларын оқыту үдерісінде оқу дербестік   дағдыларын дамыту» және «Бастауыш сыныптарда  TIMSS,  PIRLS халықаралық  зерттеулерін жүзеге асырудың өзекті мәселелері»  тақырыптарында  онлайн режимінде семинар өтті.

Аталған іс-шараға  501    педагог  қатысты.

Іс-шара  барысында бастауыш сынып мұғалімдері  пәндерді оқытудағы  жаңа  әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары, TIMSS,  PIRLS халықаралық  зерттеулеріне дайындық жұмыстары, тест спецификациясы, өзіндік іс-әрекет мүмкіндіктерін кеңейте отырып, танымдық дағдыларын қалыптастыру жолдары бойынша тәжірибе алмасып, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

«Оқу-тәрбие үрдісінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялаудың тиімді жолдары» тақырыбында семинар-практикум өтті

          Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдеріне арналған           «Оқу-тәрбие үрдісінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялаудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Іс-шараның мақсаты – білім мекемелерінде «Өзін-өзі тану» пәнін интеграциялаудың тиімді жолдарымен таныстыру. Семинар-практикум барысында педагогтар ашық сабақтар мен шеберлік сыныптар көрсетіп, іс-тәжірибе алмасты.

          Аталған іс-шараға барлығы 32 педагог қатысты.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында биология пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сынып өтті

2019 жылдың 26 ақпанында Zhambil_Obl_Metod бөлмесінде «Білім мазмұнын жаңарту аясында биология пәнін оқытудың әдістемесі» тақырыбында биология пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптар өткізілді. Іс-шара барысында жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы оқытудың ерекшеліктері туралы, оқу мақсатына қол жеткізу үшін қолданатын тиімді әдістердің жолдары көрсетіліп, әдістемелік консультациялар берілді.

Аталған іс-шараға облыстың  199 педагогі қамтылды.