Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

Әдістемелік десанттар өтті

Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында 2019 жылдың 19 ақпан күні Байзақ, Жамбыл. Қордай, Меркі, Мойынқұм аудандары мен Тараз қалалық әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар өткізді.

Іс-шара барысында мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 228 педагогқа әдістемелік көмектер көрсетілді.

Әдістемелік десантта әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында математика және информатика пәнінің мұғалімдеріне семинар-практикумы өткізілді

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  2019 жылдың 15 ақпанында облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің базасында информатика және математика пәнінің мұғалімдері үшін «Математика және информатика сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдері қолдану» тақырыбында облыстық  семинар - практикум өтті. Іс-шара барысында LEGO конструкторын құрастыру, робототехника курсының жүргізілуі туралы тәжірибелер таратылып, белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып ашық сабақтар, тренингтер өткізілді.

Аталған іс-шараға облыстың  26 педагогі қамтылды.

«ОЖСБ-ға дайындық кезінде өзін-өзі реттеу және  психологиялық қолдаудың элементтері» тақырыбында психологиялық тренингтер өтті

          Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылы 15 ақпанда  «Zambil_Obl_Metod» бөлмесі  www.sabak.kz  сайтында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және тәжірибелік тұрғыда кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «ОЖСБ-ға дайындық кезінде өзін-өзі реттеу және психологиялық қолдаудың элементтері»  тақырыбында онлайн режимінде психологиялық тренинг өткізілді. Іс-шара барысында ОЖСБ-ға дайындық кезеңінде оқушыларға психологиялық көмек көрсетуде іс-әрекет стратегиялары мен тактикалары  бойынша жаттығулар, сенімділіктерін күшейту, стресске қарсы тұру және эмоциялық ерік сферасын дамыту  мәселелері  бойынша көптеген кеңестер берілді.

         Аталған іс-шараға барлығы 285 педагог-психолог қатысты.

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өтті

        Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың               15 ақпанында Тараз қаласы, № 40 гимназиясының базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді. Аталған  іс-шараға  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, барлығы 52 педагог қатысты.

Семинар-практикумның тәжірибелік бөлімінде функционалдық сауаттылықты дамыту, инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, критериалды бағалауды жүзеге асырудың озық тәжірибелері көрсетіліп,     пән мұғалімдеріне әдістемелік кеңестер берілді.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында информатика пәнінің мұғалімдеріне семинар-практикумы өткізілді

2019 жылдың 14 ақпанында облыстық ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының базасында информатика пәнінің мұғалімдері үшін «Робототехника - болашақтың бағдары» тақырыбында облыстық  семинар - практикум өтті. Іс-шара барысында робототехника курсына заманауи технологияны тиімді пайдалануды меңгерту, физика есептерінің Arduina  платформасында шығару, STREAM білім беру жүйесі, LEGO конструкторының бағдарламасын құрастыру бойынша ашық сабақтар мен тренингтер өткізілді.

Аталған іс-шараға облыстың  22 педагогі қамтылды.