Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

Қордай, Мойынқұм және Шу аудандарына онлайн режимінде әдістемелік көмектер көрсетілді

Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен тәрбие мен оқыту сапасының деңгейін арттыру мақсатында 2019 жылдың 2 сәуір күні Қордай, Мойынқұм және Шу аудандарына «Білім берудегі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың негізі» тақырыбында онлайн режимінде облыстық әдістемелік көмек көрсетілді.

Онлайн режиміндегі әдістемелік көмектер мектеп директорларының тәрбие, құқық ісі жөніндегі орынбасарларына, пән мұғалімдеріне (қазақ тілі мен әдебиеті, математика, физика, информатика, химия, биология, тарих), барлығы 862 педагогқа көрсетілді.

Секция жұмыстарында білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар, психологиялық тренингтер өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері кітапханаларының пән мұғалімдері және ата-аналармен ынтымақтастықтағы жұмыс дәптері» тақырыбында    семинар өтті

          Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес  2019 жылдың 1сәуір күні білім    беру  ұйымдарының   кітапхана    қызметкерлеріне   арналған   «Назарбаев Зияткерлік мектептері кітапханаларының пән мұғалімдері және ата-аналармен ынтымақтастықтағы жұмыс дәптері» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Іс-шара барысында  кітапхана қызметкерлері  мектеп қауымдастығымен жұмыс жасау түрлерімен танысып, мектеп өміріне ата-аналарды әр-түрлі іс-шаралар арқылы тарту  бойынша тәжірибе алмасты.

Аталған іс-шараға 30 кітапхана  қызметкерлері  қатысты.

Қордай, Мойынқұм және Шу аудандарына онлайн режимінде әдістемелік көмектер көрсетілді

Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен тәрбие мен оқыту сапасының деңгейін арттыру мақсатында 2019 жылдың 1 сәуір күні Қордай, Мойынқұм және Шу аудандарына «Білім берудегі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың негізі» тақырыбында онлайн режимінде облыстық әдістемелік көмек көрсетілді.

Онлайн режиміндегі әдістемелік көмектер мектеп директорларына, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына, пән мұғалімдеріне (мектепке дейінгі ұйым педагогтары, мектепалды даярлық педагогтары, бастауыш сынып, орыс тілі, ағылшын тілі, география, көркем еңбек, өзін-өзі тану), барлығы 1377 педагогқа көрсетілді.

Секция жұмыстарында білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар, психологиялық тренингтер өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.

«Мұғалімнің зерттеушілік қызметі» тақырыбында облыстық конференция өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті  Педагогикалық шеберлік орталығы  және Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік  мектебімен  бірлесе отырып,   2019  жылдың  30 наурыз күні «Мұғалімнің зерттеушілік қызметі» тақырыбында облыстық конференциясын  өткізді.  

         Тараз қаласындағы ФМБ Назарбаев зияткерлік мектебінің  базасында өткізілген  іс-шараға  127   педагог қатысты.

Іс-шара бағдарламасына сәйкес 7 бағыт бойынша 2 сессия (баяндамалар және постерлік) ұйымдастырылды. Конференция қатысушылары  болашақ технологиялар мен білім беру ресурстары, мұғалімдерді оқыту, кәсіби дамыту және олардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, куррикулум және пәндер, көптілді білім беру, мектептегі бағалау, сабақ беру және оқыту әдістері, жобаларды дамыту және зерттеу нәтижелері, теория, тәжірибе және білім зерттеулерінің этикасы бойынша тәжірибе алмасты. 

«Ұлттық мұра» атты мектепке дейінгі педагогтар арасында облыстық фестиваль өтті

2019 жылдың 29 наурызы күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  Байзақ ауданы, «Астана» бөбекжай-бақшасында мектепке дейінгі ұйым педагогтарының арасында «Ұлттық мұра» атты облыстық фестиваль өтті. Аталған іс-шараға 50 педагог қатысып, этнопедагогика арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттады.