Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

«ОЖСБ-ға дайындық кезінде өзін-өзі реттеу және психологиялық қолдаудың элементтері» және «Аутодеструктивті мінез-құлықтың туындау себептері мен болдырмаудың алдын алу алгоритмі»  тақырыптарында онлайн  режимінде облыстық семинар-тренинг өтті 

2019 жылдың 12 наурыз күні «Zambil_Obl_Metod» бөлмесі  www.sabak.kz сайтында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және тәжірибелік тұрғыда кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «ОЖСБ-ға дайындық кезінде өзін-өзі реттеу және психологиялық қолдаудың элементтері» және «Аутодеструктивті мінез-құлықтың туындау себептері мен болдырмаудың алдын алу алгоритмі»  тақырыптарында онлайн режимінде облыстық семинар-тренинг өткізілді, барлығы  384 педагог-психолог қатысты.

Іс-шара барысында ОЖСБ-ға дайындық кезеңінде оқушыларға психологиялық көмек көрсетуде іс-әрекет стратегиялары мен тактикалары  бойынша жаттығулар, сенімділіктерін күшейту, стресске қарсы тұру және эмоциялық ерік сферасын дамыту  мәселелері  бойынша көптеген кеңестер берілді.

Сондай-ақ, семинар-тренингке  қатысушылар аутодеструктивті мінез-құлықтың  алдын алу бағытында  әдістемелік көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе алмасты және таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.

Облыстық «Б.Майлиннің шығармашылығын зерттеудің заманауи жолдары мен жаңа көзқарастар» тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында ғылыми жоба байқауы өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен оқушылардың әдеби сауаттылығы мен таным-түсінігін қалыптастыру, зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында 2019 жылдың 12 наурызында 8-11 сынып оқушылары арасында «Б.Майлиннің шығармашылығын зерттеудің заманауи жолдары мен жаңа көзқарастар» атты ғылыми жоба байқауы өткізілді.

Облыс бойынша аудандық (қалалық) білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты білім мекемелерінен  12 оқушы қатысты.

Үздік деп танылған оқушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен  марапатталды.

«Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» тақырыбындағы облыстық семинар өтті

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлелерін түсіндіру мақсатында                    2019 жылдың 6 наурызында Тараз қаласы, № 1 гимназиясының базасында «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Аталған іс-шараға  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мен кітапханашылар, барлығы 72 педагог қатысты.

Семинарда жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережесіндегі әріптер емлесі, түбір сөздер емлесі, қосымшалардың жалғануы, бөлек жазылатын сөздер емлесі, бірге жазылатын сөздер емлесі, дефиспен жазылатын сөздер емлесінің ерекшеліктері туралы сөз болды. Бас әріп емлесі, қысқарған сөздер емлесі, шеттілдік сөздер емлесі, сөздердің тасымалдануы туралы жан-жақты мәліметтер берілді, арнайы тренингтің жүргізілу барысында мұғалімдер латын негізді әліпби бойынша құрылған шағын мәтіндермен жұмыс жасады.  

«Жеке тұлға қалыптастыруда ұлттық тәрбие берудің негізгі ұстанымдары» тақырыбында шеберлік сынып өтті

2019 жылдың 6 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында директордың тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарларына арналған «Жеке тұлға қалыптастыруда ұлттық тәрбие берудің негізгі ұстанымдары» тақырыбында шеберлік сынып өткізілді, барлығы 41 педагог  қатысты.

Семинардың   мақсаты - білім беру ұйымдарында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын жүзеге асырудағы жаңа ақпараттық кеңістігін құру, НЗМ-нің тәрбие жұмыс жүйесін тарату, қарым-қатынастық құзіреттіліктің артуына қолайлы жағдай жасау.

Әдістемелік семинарға қатысушылар тәрбиенің басым  бағыттары бойынша  әдістемелік көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе алмасты және таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.

Психологиялық кеңес беру айлығы

«Ақпан айы  - жалпы  білім беру ұйымдарында  психологиялық кеңес беру айлығы» тақырыбында психологиялық кеңес беру айлығы өткізілді.

Психологиялық кеңес беру айлығына аудандық, қалалық білім бөлімінің әдіскері мен педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар және сынып жетекшілері (680 адам, 198340 оқушы)  қатысты.

Кеңес беру айлығының мақсаты: ата-аналар мен педагог қызметкерлердің, оқушылардың психологиялық сауаттылығын арттыру, білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру.

Облыс көлемінде психологиялық кеңес беру айлығын өткізудің аудандық, қалалық жоспары жасалынып, бекітіліп, айлық барысында өткізілген іс-шаралар қорытындыланды.