«Өзін-өзі тану» пәнінің үздік мұғалімі» атты облыстық байқау өтті
2019 жылдың 16 мамыры күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану пәні» педагогтарының арасында «Өзін-өзі тану» пәнінің үздік мұғалімі» атты облыстық байқау өтті. Аталған іс-шараға 10 педагог қатысып, нәтижесінде Т.Рысқұлов ауданы Ю.Гагарин негізгі мектебінің мұғалімі А.Қожамқұлова бас жүлдені, Жуалы ауданы №26 Жаңаталап орта мектебінің мұғалімі Б.Сатыбалдиева бірінші орынды, Меркі ауданы №16 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Н.Бірәлі, Сарысу ауданы Ақтоғай орта мектебінің мұғалімі Д.Жексенбина екінші орындарды, ал Тараз қаласы №45 қазақ классикалық гимназиясының мұғалімі А.Рахманбердиева, Талас ауданы Б.Тоқтықожаұлы атындағы орта мектебінің мұғалімі А.Молдабекова, Мойынқұм ауданы М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі А.Жанатова үшінші орындарды иеленді.