ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу жылына арналған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 12 наурыз күні Жетекші мектептердің пән мұғалімдеріне арналған «Серіктес мектептерге оқу процесінде критериалды бағалауды енгізуге қолдау көрсету» тақырыбында тренинг өткізді. Zoom бейнебайланыс режимі арқылы өткен семинарға 193 педагог қатысты.
Іс-шара барысында семинар қатысушылары қашықтан білім беру жағдайында оқыту әдістерін таңдауға әсер ететін факторлар, табысты сабақ критерийлер, оқытудың белсенді әдістері, төңкерілген оқыту әдісі бойынша тәжірибе алмасты.