«Жеке тұлға бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары» тақырыбында онлайн режимінде облыстық вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 4 наурыз күні ұлттық тәрбие бағыты бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, әдістемелік көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілерге арналған «Жеке тұлға бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары» тақырыбында онлайн режимінде облыстық вебинар өтті. Аталған іс-шараға барлығы 107 педагог қатысты.
Вебинарға қатысушылар ұлттық тәрбие бағыты бойынша жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе алмасты және таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.