ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ
Қашықтан оқыту жағдайында мектепті басқару жүйесінің сапалы ұйымдастырылуы, білім сапасын арттырудың тиімді жолдары бойынша әдістемелік көмектер көрсету, жас мектеп басшыларының басқару мәдениетін дамыту, ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 2021 жылдың 3 наурызында «Қашықтықтан оқыту жағдайында мектепті дамыту жоспарын сапаға бағыттау жолдары» атты облыстық онлайн тәжірибелік семинар өтті.
Тәжірибелік онлайн семинарға мектеп басшыларымен жұмыс жүргізетін жауапты әдіскерлер, жаңа тағайындалған мектеп директорлары, барлығы 160 адам қатысты.
Іс-шара барысында мектеп басшыларына білім мекемесінің даму жоспарының диагностикалық талдауының тиімді жүргізілуі, мектептің басымдықтарын анықтау жолдары, педагог қызметкерлердің кәсіптік тұлғалық ерекшеліктері және білім беру ұйымы қызметінің аспектілері мен бағыттарының толық қамтылу жолдары, креативті жобаларды қолдану арқылы білім сапасын жақсарту, фунционалдық міндеттерді бөлу және командалық жұмысты ұйымдастыру дағдысын дамыту жолдарын нәтижеге бағыттау туралы, сондай-ақ, Меркі ауданы, Т.Қожакеев атындағы №39 мектеп-гимназиясының қашықтан оқыту жағдайында мектепті дамыту жоспарының ерекшеліктері және мекемені басқаруды жүйелі ұйымдастыру жолдарымен тәжірибе алмасып, тәжірибелік семинарға қатысушыларға ақпараттық-әдістемелік көмектер ұсынылды.