«Қысқы мектеп» жобасы аясында физика пәнінің мұғалімдеріне семинар өтті
2019 жылдың 22 қаңтарында облыстық Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған "Білім - инновация" мектеп-интернатының базасында физика пәні мұғалімдері үшін «Физика сабағында «CLIL» әдістемесін қолдану» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарда «Refraction.Lense» тақырыбында 8-сынып оқушыларымен ашық сабақ, «Физика сабағында «CLIL» әдістемесін қолдану» тақырыбында коучинг өткізілді, «Білім және денсаулық»/Еducation and health fair/ тақырыбында көрме ұйымдастырылып, 7-8 сынып оқушылары жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша зертханалық жұмыстарды үш тілде жүргізді .
Аталған іс-шараға облыстың 41 педагогі қамтылды.