«Қысқы мектеп» жобасы аясында физика пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде дәріс өтті
2019 жылдың 9 қаңтарында zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының физика пәні мұғалімдері «Физика пәні сабағында сын тұрғысынан ойлау тәсілдерін тиімді қолдану», «Mechanics» курсын ағылшын тілінде жүргізу» тақырыптарында физика пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде дәріс өткізіп, сын тұрғысынан ойлау тәсілдерін тиімді пайдалану жолдары, «Mechanics» курсын ағылшын тілінде жүргізу ерекшеліктері бойынша тәжірибе алмасты.
Аталған іс-шараға облыстың 226 педагогі қамтылды.