ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық іс-тәжірибесін тарататын  40 базалық   мектептердің  6-8 сыныптарға  сабақ беретін  мұғалімдеріне арналған  облыстық семинар-тренинг өтті

          Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде  2019 жылғы 8 қаңтар  күні  облыстық оқу-әдістемелік кабинеті Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесе отырып, «Жаратылыстану-математикалық бағытындағы  пәндерін оқыту барысында қалыптастырушы  және жиынтық бағалау  тапсырмаларын  құрастыру жолдары» тақырыбында   онлайн режимінде семинар-тренинг өткізді.  Аталған іс-шараға информатика пәнінен – 216, химия пәнінен – 280, биология пәнінен – 256, физика пәнінен – 231, математика пәнінен – 569, география пәнінен – 390, жаратылыстану пәнінен – 365,  жалпы   2307    педагог қатысты.

 Іс-шара  барысында  6-8 сыныптарға  сабақ беретін  жаратылыстану-математикалық бағытындағы пән мұғалімдері жиынтық бағалау тапсырмаларын  құрастыру барысында басшылыққа алынатын құжаттар,  тест спецификациясы, қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу мен сараптамадан өткізу   жолдары  бойынша тәжірибе алмасты.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында биология пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде понорамалық сабақ өтті

2019 жылдың 11 қаңтарында zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық  ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының биология пәні мұғалімдері «Cell Cycle(жасуша циклі)» биология пәнін ағылшын тілінде оқыту тәжірибесінен» тақырыбында биология пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде панорамалық сабақ өткізіп, «Cell Cycle (жасуша циклі) тақырыбын ағылшын тілінде жүргізу ерекшеліктері, әдіс-тәсілдерімен бөлісе отырып, тәжірибе алмасты.

Аталған іс-шараға облыстың  293 педагогі қамтылды.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында физика пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде дәріс өтті

2019 жылдың 9 қаңтарында zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық  ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының физика пәні мұғалімдері «Физика пәні сабағында сын тұрғысынан ойлау тәсілдерін тиімді қолдану», «Mechanics» курсын ағылшын тілінде жүргізу» тақырыптарында физика пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде дәріс өткізіп, сын тұрғысынан ойлау тәсілдерін тиімді пайдалану жолдары,  «Mechanics» курсын ағылшын тілінде жүргізу ерекшеліктері бойынша тәжірибе алмасты.

Аталған іс-шараға облыстың  226 педагогі қамтылды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері кітапханаларының оқу және сауаттылықты арттырудағы кең ауқымды жобаларын ұйымдастыру» тақырыбында    семинар өтті.

Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірлескен іс шаралар жоспарына сәйкес  2019 жылдың 8 қаңтар күні білім    беру  ұйымдарының   кітапхана    қызметкерлеріне   арналған   «Назарбаев Зияткерлік мектептері кітапханаларының оқу және сауаттылықты арттырудағы кең ауқымды жобаларын ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Аталған іс-шараға 22 кітапхана  қызметкерлері  қатысты.

«Оқушылардың оқу жетістігін бағалауда критериалды бағалау жүйесін дамыту» тақырыбындағы семинар-практикум

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде 2018 жылдың 28 желтоқсан күні онлайн режимінде информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың оқу жетістігін бағалауда критериалды бағалау жүйесін дамыту» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Жаңартылған білім беруге көшу жағдайында информатика пәнін оқыту сапасын арттыру, мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында өткен іс-шараға барлығы 140 мұғалім қатысты.