ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

Аудандарда әдістемелік десанттар өтті

Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында 2019 жылдың 15 қаңтар күні          Байзақ, Жуалы, Қордай, Меркі аудандарының әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар өткізді.

Іс-шара барысында мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 193 педагогқа әдістемелік көмек көрсетілді.

Әдістемелік десантта әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында математика пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде дәріс өтті

2019 жылдың 15 қаңтарында zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық  ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының математика пәні мұғалімдері «Олимпиада есептерін шығару тәсілдері» тақырыбында математика пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде дәріс өткізіп, білім алушыларды олимпиадаға дайындаудың тиімді әдістері, олимпиадалық есептердің шығару жолдарымен бөлісе отырып, тәжірибе алмасты.

Аталған іс-шараға облыстың  344 педагогі қамтылды.

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ПЕДСТАРТ» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА ОБЛЫСТЫҢ 28 ПЕДАГОГІ ЖЕҢІМПАЗ  АТАНДЫ

2019  жылдың  7-9 қаңтар аралығында  Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбындағы  республикалық оқу-әдістемелік семинар аясында Республикалық «ПедСтарт» математикалық олимпиадасы өтті. 

Олимпиаданың мақсаты:  бастауыш мектеп мұғалімдерінің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау қабілетін жақсарту, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, педагог мамандығының мәртебесін арттыру.

Аталған  іс-шараға  Жамбыл  облысынан  52 мұғалім қатысып, нәтижесінде 28 педагог (І орынды   7,  ІІ орынды  8,  ІІІ орынды 13 мұғалім,  алғыс хаттармен  6 мұғалім) жеңімпаз атанды. 

Ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!

Жәутіков атындағы XV Халықаралық    математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің олимпиадасында  ұстазымыз жеңімпаз атанды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық    ғылыми – практикалық      орталығының   ұйымдастырумен   

2019 жылдың 10-13 қаңтар күндері Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің арасында XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.

 Олимпиада мақсаты – дарынды, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіби құзіреттіліктерді оңтайлы игергенін көрсете алатын мұғалімдер мен жаттықтырушыларды анықтау, оларды қолдау және марапаттау.

 Олимпиада мазмұны кәсіби құзіреттіліктерді оңтайлы игергенін және білім беру үрдісінде кәсіби педагогикалық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін олимпиада тапсырмаларын қарастырды. Олимпиада теориялық, методикалық есептерден тұратын екі бөлім қарастырылған.

 Халықаралық олимпиаданың қорытындысы бойынша Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернатының физика пәнінің мұғалімі Әуелбаева Камила Бакытбайқызы жүлделі II – орынды иеленді.

Әуелбаева Камила Бақытбайқызын жеңісімен құттықтаймыз!

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

        2019 жылғы 9 қаңтар  күні  облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде «Оқыту барысында ІТ технологияларды тиімді қолдану жолдары» тақырыбында онлайн режимінде семинар-тренинг өтті.  

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық іс-тәжірибесін тарататын  40 базалық мектептерінде 6-8 сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдеріне арналған  іс-шараға  барлығы    2259   педагог қатысты.

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп ұйымдастырылған семинарда 6-8 сыныптарға  сабақ беретін  пән мұғалімдері монитор экранынан бейнені қалай жазу керек  екенін,  интернеттен видеоны қалай жүктеуге, өңдеуге  болатынын сamtasia studio, academo.org, www.geogebra.org, phet.colorado.edu, www.vascak.cz, www.zygotebody.com, animationsLinks.html т.б. бағдарламалармен жұмыс және ІТ технологияларды тиімді қолдану жолдары  бойынша тәжірибе алмасты.