«Мектептегі психологиялық қызметте ата-аналармен кеңес беру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру әдістерін жүйелеу» тақырыбында облыстық вебинар өтті
2021 жылдың 29 қаңтар күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Мектептегі психологиялық қызметте ата-аналармен кеңес беру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру әдістерін жүйелеу» тақырыбында облыстық вебинар өткізді.
Вебинардың мақсаты – білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және психологиялық қызметте ата-аналармен қашықтан оқыту жағдайында жүргізілетін жұмыстарды тиімді ұйымдастыру.
Вебинар барысында әлеуметтік-психологиялық қызметте ата-аналармен қашықтан оқыту жағдайында жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктері мен жұмыс бағыттарын жетілдіру бойынша ұсынымдар беріліп, тиімді әдістері талқыланды. Өткізілген іс-шараға барлығы 186 педагог қатысты.