«Отбасылық тәрбиенің қоғамдағы маңызы: мәселелер, көзқарастар, болашағы» тақырыбында онлайн режимінде облыстық вебинар өтті
2021 жылдың 14 қаңтар күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілерге, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтарға арналған «Отбасылық тәрбиенің қоғамдағы маңызы: мәселелер, көзқарастар, болашағы» тақырыбында онлайн режимінде облыстық вебинар өтті. Аталған іс-шараға барлығы 270 педагог қатысты.
Вебинарға қатысушылар тәрбиенің басым бағыттары соның ішіндегі отбасы тәрбие бағыты бойынша жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе алмасты және таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.