Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР ӨТТІ

         2021 жылдың 4 ақпанында  Жамбыл облысы әкімдігі білім    басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, халықаралық зерттеулерге жауапты мектеп үйлестірушілеріне арналған «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбында тәжірибе алмасу вебинары өтті.

       Вебинарға Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас, Шу аудандары мен Тараз қаласының білім беру ұйымдарының мектеп директорлары мен директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары барлығы  298 адам қатысты.

          Вебинар барысында мектеп басшыларына PISA, TIMSS, PIRLS, TALIS, ICILS, PIAAC халықаралық зерттеулерінің негізгі бағыттары, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы PISA индикаторлары, білім алушылардың халықаралық зерттеулерге қатысудағы негізгі міндеттері, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы ізденіс-тәжірибелері, нәтижелері, халықаралық зерттеулерінің даму стартегиясы, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруда математикалық сауаттылығын, жаратылыстану сауаттылығын және  оқу сауаттылығын дамытудың  әдіс-тәсілдері, 2021 жылы PIRLS халықаралық зерттеулеріне дайындық жұмыстары туралы мазмұнды  ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетілді.

ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың  4 ақпан күні аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері мен  мектепалды даярлық сынып тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың басым бағыттары» тақырыбында Байзақ (Н.Ақшабаев атындағы орта мектебі),  Жамбыл (№1 орта мектебі),  Жуалы (№19, №29 орта мектептер), Қордай (№27, №43 орта мектептер), Т.Рысқұлов (Ақтоған орта мектебі),  Сарысу (Абылай хан, Б.Адамбаев атындағы орта мектептер), Талас (А.Пушкин атындағы орта мектебі) аудандарының және Тараз қаласының (№3, №25, №47 орта мектептер) 14 мектебіне облыстық вебинар өтті.

Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ерекшеліктері, әдістемелік жұмыстардың бағыттары, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламасының талаптарының ерекшеліктері жайлы толық мағлұмат алып, электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

Аталған іс-шараға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепалды даярлық сынып тәрбиешілер, барлығы 21  педагог қатысты. 

«2020-2021 оқу жылындағы үшінші  және төртінші тоқсандардағы БЖБ және ТЖБ саны бойынша шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында облыстық  семинар  өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021  жылдың 4 ақпан  күні  аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері мен  бастауыш сынып мұғалімдері үшін  «2020-2021 оқу жылындағы үшінші  және төртінші тоқсандардағы БЖБ және ТЖБ саны бойынша шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында  облыстық семинар өтті.  «Zооm» бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға 300 педагог қатысты. 

Семинар  қатысушылары  2020-2021 оқу жылының үшінші және төртінші тоқсандардағы БЖБ және ТЖБ саны бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру жолдары, жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру ерекшеліктері  бойынша тәжірибе алмасты.

«Формирование читательской грамотностна уроках русского языка и литературы в свете обновленного содержания образования» тақырыбында облыстық онлайн-кеңес өтті

          2021 жылдың 3 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Формирование читательской грамотности на уроках русского языка и литературы в свете обновленного содержания образования» тақырыбында облыстық онлайн-кеңес өтті.

Іс-шараның мақсаты – қашықтан оқыту жағдайында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу.

Онлайн-кеңес барысында педагогтарға орыс тілі пәні сабақтарында  оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар құрастыру, оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру, қашықтан оқыту жағдайында білім беру платформаларын қолданудың ерекшеліктері бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер,              230 орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, барлығы 241 педагог қатысты.

«Қашықтықтан оқыту жағдайында жаратылыстану сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары» тақырыбында  қашықтықтан вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 3 ақпан  күні «Қашықтықтан оқыту жағдайында жаратылыстану сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары»  тақырыбында Байзақ (Н.Ақшабаев атындағы орта мектебі),  Жамбыл (№1 орта мектебі),  Жуалы (№19, №29 орта мектептер), Қордай (№27, №43 орта мектептер), Т.Рысқұлов (Ақтоған, Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептер),  Сарысу (Абылай хан, Б.Адамбаев атындағы орта мектептер), Талас (А.Пушкин атындағы орта мектебі) аудандарының және Тараз қаласының (№3, №25, №47 орта мектептер) 14 мектебіне облыстық вебинар өтті. Іс-шараға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, география пәнінің мұғалімдері, барлығы 29  педагог қатысты.

          Вебинар барысында шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру, қашықтықтан  оқытудағы  бөлім, тоқсан бойынша  жиынтық бағалау арқылы оқушылардың білімін бағалауға бағытталған әдістемелік кеңестер ұсынылды, жаңартылған орта білім мазмұны бойынша білім алушылардың білім сапасына, география пәнінің оқытылуына, жаратылыстану сауаттылығын дамытудың тиімді жолдарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Вебинарға  29  педагог қатысты.