Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған вебинар өтті
2021 жылдың 2 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған «Эффективные пути развития читательской грамотности на уроках русского языка и литературы» тақырыбында Байзақ (Н.Ақшабаев атындағы о/м), Жамбыл (№1 о/м), Жуалы (№19, №29 о/м), Қордай (№27, №43 о/м), Т.Рысқұлов (Ақтоған, Ә.Бөкейханов атындағы о/м), Сарысу (Абылай хан, Б.Адамбаев атындағы о/м), Талас (А.Пушкин атындағы о/м) аудандарының және Тараз қаласының (№3, №25, №47 о/м) 14 мектебіне вебинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету.
Вебинар барысында педагогтарға орыс тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың ерекшеліктері, басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар, орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын дамыту жолдары бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қаласы мектептерінен 61 педагог қатысты.