«Қысқы мектеп» жобасы аясында математика пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сынып өтті
2021 жылдың 15 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM бейнебайланыс режимінде облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының тәжірибелі мұғалімдері «Тестирование на уроках математики, эффективный способ оценивания при дистанционного обучений», «Әр түрлі деңгейдегі есептердің шығару жолдары» тақырыптарында математика пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сынып өтті.
Іс-шара барысында математика сабағында әр түрлі деңгейдегі есептер мен олимпиадалық есептерді шығару, шешу, талдау жолдарының тиімді әдіс-тәсілдерін , Online Test Pad платформасы арқылы БЖБ,ТЖБ тест тапсырмаларын құрастырудың түрлі жолдарын көрсетіп, іс- тәжірибесімен бөлісті.
Аталған іс-шараға облыстың 162 математика пәнінің мұғалімдері қатысты.