Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 26 қазан күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Мектеп жағдайында жеткіншектердің аутодеструктивті және патопсихологиялық факторларын анықтау және зерттеу жолдары» тақырыбында өтілген вебинарда Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің тренер-психологтары Байтелиева Нұрбану Сейтқасымқызының, Магай Ирина Георгьевнаның, Балакина Наталья Валерьевнаның озық іс-тәжірибелері таратылды. Аталған іс-шараға 97 педагог қатысты.
Іс-шара мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, озық идеялы тәжірибені тарату, әдістемелік көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.

    «Жас педагог – жарқын болашақ иесі» атты облыстық ашық диалогтік алаңы өтті

2022 жылдың 22 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің жас педагогтарына арналған «Жас педагог – жарқын болашақ иесі» тақырыбында облыстық ашық диалогтік алаңы өтті.
Іс-шараның мақсаты – жас педагогтардың білім беру жүйесін дамытуға кәсіби көзқарасын қалыптастыру және шығармашыл жастарды қолдау, әдістемелік көмек көрсету.
Еліміздің болашағы мектептегі жас педагогтардың жаңа инновациялық идеяларымен, құндылықтарымен, уәждерімен, перспективаларымен анықталады. Болашақ бүгін жас мұғалімдердің қызметі мен білімі арқылы туады. Заманауи жас маман - бұл батыл, кәсіби білікті, методикалар мен технологияларды меңгеруге дайын, жаңа білім алып, тәжірибе жинақтауға дайын мұғалім.
Іс-шараға Жамбыл ауданы, Б.Беспаев атындағы мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Қалмаханова, Байзақ ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясының химия пәнінің мұғалімі М.Рахметқұлқызы, Тараз қаласы, Б.Момышұлы атындағы №45 гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Т.Лаубай, Жамбыл ауданы, Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі А.Жүніс, Мойынқұм ауданы, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі Е.Дүзелбай қатысып, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Облыстық ашық диалогтік алаң барысында «Педагог» кәсіби стандартын талқылап, жас педагогтерге педагогикалық мамандықтың мәртебесі мен беделін көтеруге, әдістемелік деңгейін жетілдіруге, инновациялық және эксперименталдық жұмыстарда дербестігін және кәсібилігін арттыруға, кәсіби қоғамдастығында әріптестердің өз ойын білдіруге, кәсіби қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғызуға, шынайы білім беру процесінде жас педагогтардың педагогикалық бастамаларын жинақтап, таратуға және педагогика саласындағы шығармашыл жастарға қолдау көрсетуге ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетілді.
Іс-шараға, аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің жас мамандары, барлығы 96 жас педагог қатысты.

2022 жылдың 17-21 күндері аралығында 25 қазан - Республика күніне орай білім беру мекемелерінде 1-11 сынып оқушылары арасында «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағаттары жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқып және мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналарымен мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асыру аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 21 қазан күні мектепке дейінгі ұйымның ата-аналарымен «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ерекшеліктері» атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Өткен іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйымдардан, барлығы 32333 ата-ана қамтылды.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі ұйымдардың сабақта 15-20 минут бойы отырмай, күні бойы әрекетті жоспарлау, бала балабақшаға келген сәттен бастап үйіне қайтқанға дейін тәрбиеленетіні, қауіпсіз, қолжетімді және заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру, оқыту нақты көрнекі тәжірибеден-абстрактілі түсініктерге қарай жүргізілетіндігі, педагогикалық тәсілдер балаға бағытталған, балаларды есте сақтауға емес, дағдыларды меңгеруге үйрететіндігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

      Мектепалды даярлық сынып педагогтеріне арналған облыстық семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 20 қазан күні мектепалды даярлық сынып педагогтеріне арналған «5-6 жастағы балалардың шығармашылыққа деген қызығушылығын қалыптастыру» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.
Zооm бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері және мектепалды даярлық сынып педагогтері барлығы 244 педагог қатысты.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын реттейтін нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бекітілгені, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын арттыру, стандарт талаптарын орындау, перспективалық жоспар мен циклограмманы құру жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қордай ауданының мектепалды даярлық сынып педагогтері М.Искакова, Д.Чоембаева, Э.Умирзакова іс-тәжірибелерімен бөлісті.