Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

                                         ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ!!!

Жамбыл облысының білім саласының дамуына зор үлес қосып, ұзақ жылдар бойы білім саласында абыройлы қызмет атқарған Сұлушаш Сәтбекқызын марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сұлушаш Сәтбекқызы облыстық оқу-әдістемелік кабинетін республикада ең алғашқылардың бірі болып ашып, негізін қалаған. Облыстық білім басқармасында еңбек еткен жылдары білім саласы республикада ең жоғары жетістіктерге жеткен.
Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық парасат Сізді «Тараз қаласының құрметті азаматы» атты зор құрметке бөлеп отыр.
Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Абыройыңыз артып, еңбегіңіз жана берсін!

                                    Облыстық семинар өтті

2022 жылдың 22 желтоқсан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Меркі ауданы Т.Қожакеев атындағы №39 мектеп - гимназиясының базасында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық олимпиада есептерін шешу тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – математика пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін арттыру, әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу.
Семинар барысында Т.Қожакеев атындағы №39 мектеп – гимназиясының «Мустафин» клубының жетекшісі, математика пәнінің мұғалімі Ф.Айнаева оқушылардың математикалық сауаттылығы мен креактивті ойлау қабілеттерін дамыту және олимпиадаға дайындау мақсатында «Мустафин» клубының жұмыстарына таныстырылым жасады.
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Г.Әлімбекова математикадан қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынды.
Өзара тәжірибе алмасу мақсатында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының тәжірибелі педагогтері М. Талқанбаев, Ж.Рысбаев, Н.Қиялбеков математика пәнінен халықаралық, республикалық олимпиадалық есептердің шығару әдістемесі мен оқыту технологиялары, олимпиада тапсырмаларын шешудің тиімді жолдарымен таныстырды. Педагогтар өзара пікір алмасып, іс- тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараға барлығы 40 педагог қатысты.

2022 жылдың 17 қараша күні білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру» тақырыбында облыстық іс-тәжірибе алаңы (zoom бейнебайланыс режимінде) өткізілді, барлығы 227 педагог қатысты.
• Іс-шара барысында Меркі ауданы, №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының, №19 Сыпатай Әлібекұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектептің іс-тәжірибелері көрсетіліп ой бөлісті және қатысушылар сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ақпараттық сағаттар мен сыныптан тыс жұмыстардың формалары мен белсендірудің заманауи әдістемелік тәсілдері жайлы әдістемелік көмектер алды.

                              ОБЛЫСТЫҚ ОНЛАЙН-КЕҢЕС ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті мен Тараз қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылдың 18 қарашасында Үйлестіру кеңесі және жетекші мектептермен жүргізілетін жұмыс барысын талқылау мақсатында облыстық онлайн-кеңес өтті.
Іс-шара барысында Үйлестіру кеңесі жұмысын ұйымдастыру жолдары, алдағы уақытта атқаратын перспективалық жұмыстары және оңтүстік өңірлеріндегі жетекші мектептердің «Жаңару жаршысы-2022» ІV аймақтық форумын өткізу туралы мәселелер қарастырылып, қатысушылар өзара пікір алмасты.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 16 қараша күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Аутодеструктивті және девиантты мінез-құлықтың алдын алудағы коррекциялық жұмыстардың маңыздылығы» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік педагог-психологтардың озық іс-тәжірибесі таратылды. Аталған іс-шараға 100 педагог қатысты.
Іс-шара мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, озық идеялы тәжірибені тарату, әдістемелік көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.
Меркі ауданының педагог-психологтары М.Қасымова, Г.Абилдаева, Р.Умурзакова, П.Байтүгелова іс-тәжірибелерімен бөлісті.

16 ноября 2022 года при организации Учебно-методического кабинета Жамбылского областного управления образования был проведен областной вебинар на тему «Эффективные методы профилактической и коррекционной работы аутодеструктивного и девиантного поведения». В мероприятии приняли участие 100 педагогов.
Мероприятие проводилось с целью рассмотрения эффективных путей работы в направлении совершенствования психологической деятельности в школе, распространения передовой идейной практики, оказания методической помощи, обмена опытом, поддержки инновационных идей.
Своим опытом поделились педагоги-психологи Меркенского района М. Касымова, Г. Абилдаева, Р. Умурзакова, П. Байтугелова.